0 дауыс
7.9k көрілді
Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес қосқан саяхатшылар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Орта ғасырларда Гренландияға қоныстана бастаған нормандар 11 – 13 ғ-да Ньюфаундленд аралын, Лабрадор түбегін және Баффин түбегін ашты. 

1492 – 1503 ж. Х.Колумб Багам, Куба, Гаити, Кіші Антиль, Пуэрто-Рико, Ямайка аралдарын, Кариб т-нің батыс жағалауын, Панама мойнағын ашқан. 

1497 – 98 ж. Дж. және С. Кабот С. А-ның шығыс жағалауын зерттеді. 1504 ж. француз теңізшілері Әулие Лаврентий шығанағын, 

1513 ж. испандық В.Нуньес де Балбоа Панама шығанағы, 

1519 – 24 ж. Э.Кортес Мексика таулы қыраты арқылы Тынық мұхитқа шықты. 

1648 ж. орыс саяхатшылары Ф.Попов пен С.Дежнев Чукча т-нен Тынық мұхитқа өтіп, С. А-ның Азиядан тар бұғаз арқылы (Беринг бұғазы) бөлінетіндігін дәлелдеді. 

1778 ж. ағылшын Д.Кук С. А-ның батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Дж. Поуэлл, Дж. Доусон, А.Брукс, т.б. Америка және Канада геологтары Сеңгір тауларды, Лаврентий таулы үстіртін, Аляска жотасын (С. А-ның биік нүктесі Мак-Кинли шыңымен) ашуды толық аяқтады.

джон және себастьен ба?
т-нен деген не?
0 дауыс
Г.Гудзон себеби коптеген деректерде солай айтылган. Тесттада сол нуска дурыс болып шыкты

Ұқсас сұрақтар

...