0 дауыс
11.4k көрілді
Солтүстік Америкада табиғат зонасындағы жануарлардың аттары??

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
С. А. мен Еуразия құрлықтарының геол. даму тарихының ортақтығына байланысты жануарлар әлемінде көптеген ұқсастықтар бар. Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орманды дала мен дала жануарларынан бизон, айырмүйізді бөкен, мазам бұғысы, койот, прерия түлкісі тек қорықтарда ғана сақталған. Субтропикте аллигатор, кайман тасбақасы, қоқиқаз, бірқазан, каролина тотықұсы мекендейді. Кордильерада қар қойы, гризли аюы, қар ешкісі; шөлді-далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері – улы жыландар мен кесірткелер бар. Орт. Америкада, Вест-Индияда, Мексика таулы қыратында тропиктік жануарлармен бірге оңт. америкалық сауыттылар, маймылдар, жарқанаттар, колибри, тотықұс, тасбақа, қолтырауын, кесірткелер тіршілік етеді. С. А-да 100-ге жуық ұлттық саябақтар мен қорықтар (Канадада 24, АҚШ-та 50, Мексикада 12, қалғаны Вест-Индияда) құрылған. Iрілері: Йеллоустон, Үлкен Каньон, Йосемит, Банф, Джаспер, Секвойя, Эверглейдс.
Рахмет КөП!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...