Өнер ағып жатқан бұлақ деген тақырыпқа шығарма?

0 дауыс
5.1k қаралым
Өнер ағып жатқан бұлақ деген тақырыпқа шығарма?
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады.  Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен  Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде  ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге  қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
10.01.2023 • Санаты: Өнер Белгісіз сұрақ қойды
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы