0 дауыс
23.8k көрілді
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі не?

физика 7-сынып тез көмектесініздерші?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
•Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
•Атмосфералық қысымның бірлігі – 1 миллиметр сынап бағаны алынады. [1 мм.сын. бағ.]. 1 мм.сын. бағ.=133,3 Па
Біз Жердің ауа қабығының Жердегі барлық денелерге қысым түсіретінін білеміз. Бұл қысым атмосфералық деп аталады. Мұның шамасы қандай?Атмосфералық ауаның тұрақты тығыздығы (әр түрлі биіктікте әр түрлі) және белгілі бір биіктігі болмағандықтан (атмсофераның нақты шекарасы жоқ) атмосфералық қысымды өлшеу формуласын қолдануға болмайды. Бірақ бәрібір атмосфералық қысымды анықтауға болады.
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алғаш итальян ғалымы Э.Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “торичелли бостығы” (118-сурет) пайда болады
Торричелли тәжірибесі оның көптеген замандас-ғалымдарының қызығушылығын туғызады. Тәжірибені естіген Паскаль әр түрлі сұйықтармен (май, шарап, су) оны қайталап жасап көрді. Атмосфералық қысымды теңестірген су бағаны сынап бағанынан биіктеу болып шықты.( Электронды оқулықты пайдаланып , Торричелли тәжірибесін көрсету) .
1648 ж. Паскальдың тапсырмасымен, Ф. Перье Пюи-де-Дом тауының етегі мен төбесіндегі барометрдің сынап бағанының биіктігін өлшеп, Паскальдің атмосфералық қысым биіктікке байланысты деген болжамын дәлелдеді: тау төбесіндегі сынап бағаны 84,4 мм аз болып шықты. Жер бетінен биіктеген сайын атмосфералық қысымның азаятынына ешқандай күмән қалмас үшін Паскаль тағы да бірнеше тәжірибелерін, бұл жолы Парижде, Нотр-Дам соборының етегі мен төбесінде, Сен-Жак мұнарасында, сондай-ақ 90 баспалдақты биік үйде жасады. Өзінің нәтижелерін ол “сұйықтардың тепе-теңдігінің ұлы тәжірибесі туралы” еңбегінде жариялады.
Неміз физигі Отто фон Герикенің (1602—1686) де тәжірибесі көпке танымал болды. Атмосфералық қысымның бар екенін Торичеллиден тыс қорытындылаған еді (оның тәжірибелері туралы 9 жыл өткесін естіген). Өте жұқа қабырғалы металл шардың ауасын сора отырып, Герике шардың жиырылғанын байқады. Бұл құбылыстың себебін ойлана отырып, шардың жиырылуы қоршаған ауаның қысымының әсерінен болғанын түсінді.
Атмосфеалық қысымды ашқан Герике Магдебургтегі үйінің алдына сұйық бетінде жүзіп жүрген адам бейнесі шыныдағы бөліктерді көрсететін су барометрін жасады.(Электронды оқулық. Тәжірибе- Магдебург шарлары)1654 ж. атмосфералық қысымның бар екеніне көз жеткізу үшін Герике “Магдебург жартышарларымен” өзінің атақты тәжірибесін жасады. Тәжірибенің көрсетілуіне император Фердинанд ІІІ және Регенсбург рейхстагының мүшелері қатысты. Олардың көзінше өзара біріктірілген екі жарты шарлардың қуысынан ауа сорылып алынады. Осы жарты шарларды атмосефералық қысым күші бір-біріне жабыстырғаны сонша, оларды бірнеше жегулі аттармен ажырату қиын болды .
Барометр-анероид . (Электронды оқулық)
ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, ол барометр-анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз)Барометр-анероидтың құрылысы .Оның басты бөлігі домалақ 1 металл қорап, оның толқынды (гофрирленген) негізі бар. Осы қораптың ішіндегі ауаны сорып алады. Атмосфералық қысым артқан кезде қорап сығылады да, оның жоғарғы иілген беті оған бектілген 2 серіппені тарта бастайды. Қысым азайған кезде, серіппе жазылады да, қораптың жоғарғы бөлігі көтеріледі. Беріліс механизмі 3 көмегімен серіппеге 4 стрелка — көрсеткіш бекітілген. Бұл стрелка 5 шкала бойынша ауысып, қозғалады. Анероидтың шкаласын сынапты барометрдің көрсетуі бойынша градуирлейді.
Сынапты барометрлермен салыстырғанды барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді.Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.
Анероидтардың сезімталдығының жоғарылығы сонша, оны тіпті 2–3 м-ге көтерген кезде стрелка-көрсесткіші бірден қозғала бастайды. Бұл атмосфералық қысымның өзгерісін тіпті үйдегі баспалдақтар бойымен немесе метродағы эскалаторлармен көтеріліп келе жатқанда байқауға мүмкіндік береді.
6. Демонстрациялық тәжірибелер.
“Біздің барлық біліміміздің тәжірибеден басталатыны сөзсіз”
Иммануил Кант.
1 –тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары !
Су,стакан,пипетка.
Пипетканың резенке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып,суға батырса су пипетка бойымнен жоғары көтеріледі.
2- тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары)
Су ,шприц,стакан.Шприцты суы бар ыдысқа батырып,порщенді сумен жанасқанға дейін түсіредіде,сонан соң қайтадан жоғары қарапй жылжытады..Сонда поршенмен ілесіп,су да жоғары көтеріле бастайды.
Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.
3-тәжірибе. Стакан,су,бір бет қағаз.
Стаканға жартылай су құйып,бетін бір парақ қағазбен жауып,қағазды қолмен басып тұрып,төмен төңкеріндер.Су төгілмейді.
4- тәжірибе. 2 пробирка,су.
Біреуі әдеттегі ұзындығы бар,екіншісі ,біріншісінің ішіне кіретіндей , қабырғаларының арасында өте кішкене исанылау қалатындай етіп ірікталынған шағын пробирка.Үлкен пробиркаға толтыра су құйылсын. Үлкен пробирканың аузына кіші пробирканың түбін қаратып орналастырып сонан кейін сол қалпында төнкеру қажет. Үлкен пробиркадан кіші пробирканың қабырғасымен су сорғып аға бастасымен –ақ үлкен пробирканың түбіне қарай кіші пробирка төменнен жоғары қозғала бастайды.
5- тәжірибе.Магдебург жарты шарларынның орнына 2 стакан.
Шағын екі стакан.Стакан беттері бір-бірімен жақсы жымдасып жабылатын болсын.Төменгі стакан түбіне май шамның кішкене тұқылын қоямыз да,оны жағамыз.Стакан ернеулері арасынан ауа кірмеу үшін газет қағазынан алынған бірнеше сақинаны ылғалдап алып,жанағы стаканның айнала ернеуіне төсейміз,соның үстіне жымдастыра екінші стаканды жабамыз.Біраз жанғаннан кейін стакан ішіндегі шырақ сөнеді,өйткені оттегі жетіспейді.Сыртқы ауаның қысымының көптігі соншалықты , стакандар бір-біріне жабылады,оларды ажырату оңайға түспейді.
сизге коп коп рахмет
0 дауыс
Ауаның салмағы болғандықтан ол барлық жер бетіндегі заттар бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген ауырлық салмағы атмосфералық қысым деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Күн жер бетін біркелкі қыздырмайды, соған сәйкес ауа да әркелкі қызады. Осыған орай жер бетінде жоғары және төменгі атмосфералық қысымды аймақтар пайда болады.

Ұқсас сұрақтар

...