+2 дауыс
1.2k көрілді
Сарыағашта не болды? Оқиғаның басылғаны рас па?

6 жауап

+1 дауыс
Тәжіктер өлтіріпті қазақ жігітті,бірінші рет болып тұрған жағдай емес көрінеді. Қазақтар тәжіктерге ашуланып,үйлерін өртеп,қуып жатыр деген. Енді кешірім сұрапты ғой тәжіктер. Бірақ кешірім сұрағанмен өлген адам қайта тірілмейді өкінішке орай(( Алла жар болсын қайтыс болған ағаның отбасына...
0 дауыс
№10 11 ақпандағы Жас алаш газеттінде  жақсы жазылған.
0 дауыс
Жабылып жатқан тақырыпты қайта бастай бермеңдерші, сендердің кесірлеріңнен біз интернетсіз қалдық))

Басылып жатыр дейді, қылмыскерді ұстапты, бірақ тәртіп сақшылары оқиға болған ауылда жүр екен әлі, сенбіге дейін болады.

Тәжіктер сол ауылда қалатын болса тыныштық жоқ оларға. Не боларын білмеймін. Сұрақты жаба салыңдар. Нақты жауабын білмей-ақ қойыңдар.

P.S. "Рейтинг" газеті осы оқиға туралы жазыпты, міне http://rgmedia.kz/news/view/1606 ... Енді мақаланы жазған журналистерге билік тыныштық бермейді-ау деймін..
+1 дауыс
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты ауылдардың бірінде кісі өлтіріліп, соның кесірінен жаппай тәртіпсіздік болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 4 ақпан күні түнде болған. Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылына жақын жерде көрші Ынтымақ аулының тұрғыны, 1985 жылы туған Б.Д.Артықовтың мәйіті табылған. Мәйіттің денесінде пышақтаудан қалған ауыр жарақат іздері бар.
Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде Сарыағаш ауданына қарасты Бостандық ауылының тұрғыны 1976 жылы туған Нарметов іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық оқиғаға Нарметов жалға алып отырған Артықовтың жылыжайына байланысты жағдай себеп болған көрінеді.
Осы оқиғадан кейін, 5 ақпан күні Артықовтың ауылдастары, бір топ жас көршілес ауылға келіп, бірнеше машинаны өртеп, бірді-екілі үйге шығын келтірген.
Бұл тәртіпсіздіктерді дер уақытында полиция тоқтатқан. Қазір оқиға болған ауылда тыныштық орнап, құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр.
Көшіруге шебер бәрі.
+1 дауыс
Бұл оқиғаны ешқашан телеарналарда көрсетпейді, ұлтаралық татулық бұзылып кетуі мүмкін деген себеппен.
0 дауыс
Иии түрi жәмән төнкерiс болды бiрақ...
...