+1 дауыс
1.7k көрілді
Менің құлағым шыңылдайды не себептен ?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Құлақ неге шыңылдайды...
Мұхаммед пайғамбар миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді. Әр жапырақта өмір сүріп жатқан адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар Жебірейілден:
- Бұл не? - деп сұрайды. Жебірейіл:
- Бұл - адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше, марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни періштелер: "Сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді", - деп, тірілердің есіне өлімді салып тұрады. Егер ол марқұм пейішке кетсе, тірінің оң құлағы шыңылдайды. Ал егер тозаққа кетсе, аттасының сол құлағы шыңылдайды, - дейді.
Пайғамбар миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып:
- Оң құлақтарың шыңылдаса, "Субхан Алла" деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса, "АстапырАлла" деп тәубе етіңдер, - деп өсиет айтыпты.

 

Жауабым ұнаса жж басыңызшы
Жауабың маған ұнады, бірақ ендігіде Пайғамбарымыздың есіміз жазғаннан кейін "Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын" деп жазуды ұмытпа. Ең іші тар адам кім дегенде "менің атым аталғаннан кейін сәлем жолдамаған адам" дегені туралы хадис бар, тіпті осы сөз айтылуы керектігі туралы қатты айтқан хадистер де кездеседі, жауабынды өзің өңдеп қой.
0 дауыс
ayan arkharbek 1 жауабымен келісемін,

Медициналық жағынан алып қарасақ құлаққа салқын тигеннен (қабыну болғанда), Артериялық қан қысымының көтерілуінен немесе түсіп кетуінен де болады. Құлағыңыз қай уақытты шулайтының анықтап алыңыз, мүмкіндік болса сол кезде АД өлшеңіз. Шайды көп ішкеннен кейін шулауы мүмкін, ұйықтар алдында, миға кислородтың артық не аз бөлінуінен ғой
сіз биологсыз ба?
жәй адаммын)
...