Қысқа толқынды пеш дегеніміз не?
Пеш деп, әдетте ішінен жоғары температура шығару арқылы белгілі бір нәрсені ысытуға арналған құрылғыны айтады. Сонымен қатар, пеш деп тұрмыстық құрылғыны да айтады, айталық онымен тамақты жылытуға немесе пісіруге болады. Кез-келген пеш қызуы үшін, қандай-да бір отын түрін немесе электр тогын пайдаланады. Мысалы, көбімізге белгілі ас үйде тұратын газ және электр плитасын алсақ болады.
Қысқа толқынды пештердің бұлардан айырмашылығы, пеш ішінде магнитрон деп аталатын құрылғы бар, ол өз кезегінде тамақты жылытуға немесе пісіруге қажетті температура тудыратын электротолқындар шығарады. Бұндай пештердің тамақты жылдам әзірлеу, жылдам жібітуімен қатар, құрылғы сырты ысымайтындай бірқатар артықшылықтары бар.