0 дауыс
599 көрілді
Генадий Головкиннің барлық қарсыластарын білесіздерме? Білсеңіздер олар жайлы сәлде болса да ақпарат беруге тырысыңыздаршы.

3 жауап

0 дауыс
Мартин Мюрре,Хулио Сезар Чавес қарсыластары осылар.
Бұлар жартысы ғана.
Қайдағы жартысы, екеуі ғана де.
0 дауыс
АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта ұрып жыққаннан кейін, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің беделі бұрынғыдан да арта түсті.
Дәп қазір «GGG-ның келесі қарсыласы кім болады?» деген сауал барлық жанкүйерлердің көкейінде жүр. Осы мәселеге орай көптеген белді басылымдар түрлі жорамалдар айтып, өз пікірлерін білдіруде. Көпшіліктің пайымдауынша, бүгінгі таңда орта салмақта күш сынасып жүрген жерлесімізге лайықты қарсылық көрсете алатын бес боксшы ғана бар.

Осы орайда Мигель Коттоның есімі ең көп аталуда. 33 жастағы Пуэрто-Риконың боксшысы алғашында әуесқой рингте танылып, бірқатар байрақты бәсекелерде топ жарды. 2000 жылы Сидней Олим­пиадасының алғашқы айналымында болашақ чемпион, Өзбекстанның мақта­нышы Мұхамедқадыр Абдоллаевтан ұтыл­ғаннан кейін ол кәсіпқой боксқа ауысты. 14 жылға жуық уақыт аралығында 43 рет шаршы алаңға көтеріліп, 39 рет жеңіске жетті. 32 қарсыласын есінен тандырды. Өзінің спорттық ғұмырында Котто тек Антонио Маргарито (2008 жылы), Мэнни Пакьяо (2009), Флойд Мейвезер (2012) және Остин Траут (2012) сынды атағы жер жарған жігіттерге ғана ұтылды. Мейвезер мен Трауттан ол ұпай санымен жеңілсе, Пакьяомен кездесудің 12-раундында тех­никалық нокаут белгіленді. Ал Мар­гари­тоға қарсы бәсекеде Коттоның бапкерлері рингке ақ орамал лақтырды.
Негізі, Коттоны құлату өте қиын. Ол сауатты қорғана біледі. Мигель – жүректі жігіт. Ашық айқастан ол ешқашан бас тартқан емес. Әркез «сен дайын болсаң, мен дайынмын» деп тұрады. 2011 жылы «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен бәсекеде Котто Антонио Маргаритоны 9-раундта есінен тандырып, үш жыл бұрын жіберген есесін қайырды. Сидней Олимпиадасында жолын кескен Мұхамедқадыр Абдоллаевты да 2005 жылы оңдырмай сабағаны есімізде. Сондай-ақ Пуэрто-Риконың өкілі Шейн Мосли, Демарус Корли, Заб Джуда, Рикардо Майорга, Оқтай Уркал сынды саңлақтарды тұқыртқан. Өзінің соңғы жекпе-жегін Мигель биылғы 7 маусымда өткізді. Аргентиналық Серхио Мартинесті 9-раундта тас-талқан етіп, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Генаның келесі қарсыласы Андре Уорд болуы да мүмкін. Бұл жігіт жа­йында да ұзақ әңгімелеуге болады. АҚШ боксшысы 2004 жылы Афины Олимпидасында алтын тұғырға кө­те­рілген. Сол жарыста ол Кле­менте Руссо (Италия), Евгений Макаренко (Ресей), Өткірбек Хайдаров (Өз­бекстан) және Магомед Арипгаджиев (Беларусь) сынды мықтыларға сан соқ­тырды. Грекиядан олжалы орал­ған бетте ол белді промоутерлік ком­паниямен келісімшартқа отырып, кәсіпқойлар арасында жұдырықтаса бастады. Сол кезден бері 27 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 14 рет айқын басымдық танытты. Әр жылдары ол Эдисон Миранда, Артур Абрахам, Микель Кесслер, Карл Фроч, Чед Доусон секілді көкжал­дар­ды қапы қалдырды. Өзінің соңғы кездесуін Уорд 2013 жылы 16 қа­ра­ша­да Эдвин Родригеске қарсы өткізіп, оны ұпай санымен ұтты.
30 жастағы Уордтың қарсыласын ұрып құлататындай жойқын соққысы жоқ. 27 кездесуде жеңіс тойын той­лаған америкалық өреннің тек со­лардың тең жартысын ғана нокаут­пен аяқтағаны бұл сөзімізге айқын дәлел бола алады. Десек те тех­никалық даярлығы өте керемет екенін естен шығармаған жөн. Андре – аяғы мен қолы бір тыным таппайтын, үнемі қозғалыста жүретін нағыз хас шебер. Бәсекені басынан аяғына дейін бір деммен өткізе ала­ды. Шаршап-шал­дығуды білмейді. Бәсеке бары­сында өзі басында ұстанған тактиканы дереу өзгертіп жіберіп, жекпе-жекті мүлде басқа «сценарий» бойынша өрбітуге жаны құштар. Көпшіліктің пайымда­уынша, Головкин үшін нағыз қауіпті қарсылас дәп осы жігіт. Кейбіреулер тіптен «Уорд пен Голов­кин айқасса, алғашқысы жеңіске жетеді» деген ба­тыл пікір айтуда. Бұл сөзге қарсы уәж айтудың өзі қиын. Рас, Андре Уорд мықты. Оған күмә­ні­міз жоқ. Бірақ Генаның да қан­ша­лықты қарулы екеніне көзіміз әбден жеткен болар. Сол себепті қос көк­жал­дың қайсысы күшті екенін тек шаршы алаңдағы шынайы айқас қана анықтай алады. Бәлкім, сол күнді де көруге жазар. Өйткені Карсондағы айқас аяқталған бетте Андре Уорд Геннадий Голов­кин­мен күш сына­суға әзір екенін мә­лімдеді. Оған Гена не дер екен?

Сауль Альваресті «жас пері» деп атаса да болады. 1990 жылы Мексиканың Гвадалахар қаласында туып-өскен ол 15 жасынан бастап дүбірлі додаларда бақ сынай бастады. Әдетте бозбала шағында осындай тәуекелге барған батыл боксшылардың «күшік кезінде таланатынын» көзіміз талай көрді. Бірақ Сауль ондай тепкінің бірін көрген жоқ. Керісінше, ол азу тістері ақсиған талай көкжалды өзі оңдырмай талады. Талай белді былғары қолғап шебері өрімдей жігіттен таяқ жеп, абыройдан жұрдай болды. Солардың арасында Габриэль Мартинес, Карлос Мануэль Бальдомир, Кермит Синтрон, Шейн Мосли, Хосесито Лопес, Остин Траут, Хосе Мигель Котто бастаған мықтылар бар.
2005 жылдан бері кәсіпқойлармен айқасып жүрген Альварес 46 кездесу өткізіп, 44 рет басымдық танытты. 31 қарсыласын нокаутпен ұтты. 2006 жылы ол Джордж Суареспен тең түссе, 2013 жылы әйгілі Флойд Мейвезерден ұпай санымен ғана ұтылды. Негізі бұл бәсеке кәсіпқой бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жек ретінде тарихта қалды. Қос жұлдыздың кездесуі 150 миллион АҚШ доллары көлемінде кіріс әкелді. Соңғы рет Сауль Альварес былтырғы жылдың жазында Эрисланди Ларамен күш сынасты. Бұл бәсеке Мексика боксшысының пайдасына шешілді. Төрешілердің бұл шешімімен Куба қабыланы келіспеді. Ол қарсыласына қарағанда өзінің оқ бойы озық болғанын айтудан жалықпады. Лараның бұл уәжіне Альварес: «Бір жағынан оның сөзінің жаны бар. Лара рингте шыр айналып қашқанда, маған жеткізбеді. Марафон жүгіруден кубалық боксшының алдын орайтын ешкім жоқ екенін мойындаймын» деп әзілмен жауап қайырды.

Тағы бір үміткер – Хулио Сезар Чавес. Негізі, олар биыл жұдырықтасуға тиіс еді. Екі жақ ортақ мәмілеге келуге шақ қалған. Бірақ соңғы сәтте Мексиканың мықтысы сыйақы­ның аздығын алға тартып, жекпе-жекке шығудан бас тартты. Жалпы, бұл жай ғана сылтау екенін барша жұрт сол сәтте-ақ түсінді. Өйткені бәске тігілген қаражат аз емес еді. Ондай сомадан бас тартатындай Чавес ақымақ емес. Ол Генадан қай­мықты. Егер Головкиннің гүрзі жұдырығы дәл тисе, жыл­дар бойы тірнектеп жиған беделінен айырылатынын Хулио Сезар жақсы түсінді. Сол себепті де тәуекелге барған жоқ.
Жалпы, Чавесті де осал деп айтуға ауыз бармайды. Кезінде оның әкесі төрткүл дүниені дүрліктірді. Ол ХХ ға­сыр­дың сексенінші және тоқсаныншы жылдарында бір­неше салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді. Әрине, ондай әкеден туған ұлдың осал болмайтыны анық. 28 жастағы Хулио Сезардың кәсіпқой боксты серік еткеніне 11 жылдан асты. Сол аралықта 51 кездесу  өткізіп, 48 рет жеңіске жетті. 32 қарсыласын ұрып жықты.Бір рет ұтылды,  бір рет тең есеп тіркелді, тағы бір бәсеке есепке алынған жоқ. Ол Тобия  Джузеппе  Лоридж, Себастьян Збик, Марко Антонио Рубио, Энди Ли сынды жуан жұдырықты жігіттерді жеңген. 2012 жылы Серхио Мартинестен ұпай санымен ұтылды. Соңғы рет Чавес наурыз айында  Брайан Вераны жеңді.

Үміткерлер тізімінде ең соңғы болып тұрған Карл Фрочты да «қара жаяу» деп айту қиын. 37 жастағы Ұлыбритания өкілі біраз жыл әуесқой рингте тер төкті. 2001 жылы Белфаста өткен әлем чемпионатында қола медальді қанжы­ғасына байлады. Кәсіпқойлар арасында 2002 жылдан бері күш сынасып жүр. Әр жылдары Жан Паскаль, Джермен Тейлор, Андре Диррел, Артур Абрахам, Глен Джонсон, Лучиан Буте сынды мықтыларды соққыға жыққан. Ол тек Андре Уорд пен Микель Кесслерден ғана ұтыл­ды. Есесіне, араға үш жыл салып, Кеслер­мен қайта кездесті. Сол кезде кеткен есесін қа­йыр­ды. Барлығы Фроч 35 бәсеке өткізіп, 33 рет жеңіске жетті. 24 қарсыласын есінен тандырды. Өзінің соңғы кездесуінде ол отандасы Джорож Грувсты 8 раундта ұрып жықты. Бұл жек­пе-жек 2014 жылдың 31 мамырында өтті.
Міне, қазіргі кезде көпшілік Геннадий Головкиннің осы боксшылармен күш сынасқанын қалайды. Рас, олардың барлығы да мықты. Орта салмақта күш сынасып жүрген жігіттердің арасындағы ең қаһарлысы да осылар. Бірақ біздің Гена олардың ешқайсысынан қаймықпайды. Қажет болса, барлығымен де жекпе-жекке шығуға даяр.
Дерек көз:http://www.alaman.kz/
Флойд Мейвезер ғана қарсылас бола алады
Осындайларды қайдан табасын.
0 дауыс

Осы жерден көруге болады, бірақ орысша.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
...