2008-2009 жылдары экономикалық дағдарыс сияқты «безгек» арқылы өтіп, өз жағдайлылығын бірнеше мәрте дәлелдеді. Бұл сырқат пайдалы болған жағдайға ұқсас болды. Дағдарысты бастан кешкен Қазақстан жаһандық экономикалық және саяси байланыстар арқылы берілген осыған ұқсас инфекциялар алдында өз иммунитетін нығайтты. Жас ағза айналадағы әлемде өзін жақсы сезіне бастады, әрі жаһандық сын-қатерлерге жүйелі жауаптар табуға үйренді. Есею жолындағы баға жетпес тәжірибе...
Жас әрі табысты адамның әлемге көрсетіп, айтары болады. Бірақ қалай болмағанда да, адам көркі шүберек деген бар... Осылайша Қазақстан сыртқы орнында да жетістіктерге жетті, және ол енді ең жақсы дегенде Байқоңырмен, жоқ дегенде Боратпен байланыстырылып айтылмайды, өйткені 10 жыл ішінде халықаралық қоғамдастықтың басым бөлігінің көз алдында гүлденген Қазақстан өзінің тартымды келбетіне ие болды.
Және де Қазақстанның әлемдегі келбеті – бұл тек 2009 жылғы ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, талантты болашақ студенттері, Эйр Астананың жайдарлы стюардессалары, жаңа елдің жаңа нышандары. Осы уақыт ішінде Қазақстан бірнеше танымал брендтер құруға қол жеткізді, олардың ішінде ең бастылары – еуразиялық ынтымақтасу және Астана. Бірінші бренд Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтық байланыстарды күшейтіп, әрі нығайтып, ұлттық маңызға да ие болып үлгерді.
Астана шын мәнінде еуразиялық идеяны жүзеге асырған бірінші елдің ордасы болып табылғандықтан, өткен онжылдықтың нышанын белгілеуге басымды дәрежеде лайықты. Осы жылдар бойы елорда көз алдымызда өсіп келеді, орталығында жаңа ғимараттар пайда болды, жаңа тұрғын шағын аудандар құрылды, елдің барлық аймақтарынан келген адамдар үшін жаңа жұмыс орындары құрылды. Ару Астана Қазақстанның экстенсивті емес, интенсивті қозғалыс жолының, тереңнен дамуының, ішкі әлеуетінің барынша іске кірісуінің бейнесіне айналды. Және бұл даму жалғасуда. Елдің бұл өзгеріс түрі мен үшін әуежайдан қалаға дейінгі барлық қозғалыс жолында пайда болатын жаңа тетіктерде есте қалады. Әр келген сайын мен бұрын болмаған бір жаңа нәрсе көремін. Астанамен бірге Қазақстан келбеті де жаңарып келеді, бірақ бұл сән қуалау емес, алға жылжудың қажеттілі.
Қазіргі уақытта Қазақстан кезекті кілт бұрылыс немесе иірім жолында тұрағандығы жайлы ой келеді. Жалпы посткеңестік аймақтың өзі «Х сағатында» күй кешіп жатыр. Осы жағдайларда Қазақстан өзін дұрыс жолдарды таңдай білген көшпенді ата-бабаларының лайықты мұрагері ретінде көрсетіп отыр. Он жылдан кейін біз Қазақстанның жолындағы шұқырлар мен оқаптар туралы емес, оның табыстары мен жетістіктері жайлы мақтанышпен айта аламыз дегенге сенгіміз келеді.