+15 дауыс
2.9k көрілді

Қазіргі кезде сайтта аздаған өзгерістерді енгізуді іске асырдым. Сауалнаманы қайта орнына келтірдік, бірақ қазіргі тексеруіме қарағанда сәл де болса ауыртпашылық түсіреді екен. Оны сервердің баптауларынан қарап отырмын. Не де болса әзірге сауалнаманы қалдыра тұратын шығармын. Себебі алдағы күнде сервердің күшін арттырып, басқа тарифтік жоспарға көшіп қалуым ықтимал.

Сайтта көптеген конкурс, сайын туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқандығы маған да аян. Барлығын көріп отырмын, тиісінше конкурстар да болады. Тек қашан деп сөкпеңіздер, себебі конкурс ұйымдастыру да оңай емес. Оны бақылап отыру, басқару, жеңімпазды анықтау үлкен күшті талап етеді. Қазіргі таңда еңбек етіп жатырмыз. Биылғы жылы сайтта 5-6 конкус өткізу жоспарда тұр. Конкусты алдағы уақытта жариялайтын боламыз, бірақ уақыттары нақты емес. Сондықтан ештенке айта алмаймын. Тек айтарым алдағы уақытта сайтта үлкен бір конкурс болады. Ол конкурс басталса ешқандай қолданушы шетте қала алмайды деп ойламын :)

Сайтта енді қолданушы сұрақ қойған соң немесе жауап беріп, пікір қалдырса енді 5 минут ішінде өңдеуіне немесе жасыруына мүмкіншілік бар. Яғни 5 минут ішінде өзінің сұрағын өңдей немесе жасыра алады. Маман қолданушылар басқа қолданушылардың жауаптарын өңдесе, Редактор мен Модератор қалаған сұрақ, жауап, пікірді қалаған уақытта өңдеп қажет болған жағдайда жасырып отыра алады. Бұл мүмкіншілік сайттың тазалығын, ережелердің орындалуына тікелей қатысты.

Мәтін арасында пайдалы ілмектерді ерекшелеп отыру. Ол үшін # белгісін қолданамыз. Яғни мен сайт ілмегін ерекшелеу үшін #сайт деп жазып кететін болсам, сайттың өзі автоматты түрде ілмекке сілтейтін болады. Мұндай қосымшаны Wikipedia қолданады. Сосын сайттағы қолданушыны белгілеп кету. Ол үшін @ белгісін қолданатын боламыз. @ белгіге алып жазған соң сол қолданушының почтасына автоматты түрде сізді белгілеп кетті деп және белгілеп кеткен сілтемемен хат барады. Осы сұраққа мен @Абылай @Madi @Daniyar @РЫСБЕК @Jako @Жақсы @Елеке @VVVWWW @Yasin т.б. қолданушыларды шақыра аламын. Тек шақыру үшін ғана емес басқа да мақсатта қолдануға болады. Тек бір қателігі бар. Егер арасында бос орын, -,+,*,/ т.б. белгілер болса жұмыс жасамайды. @МАРАТ ҚАНИЕВ десек жұмыс жасамайды. @МАРАТ-ҚАНИЕВ @МАРАТ_ҚАНИЕВ десек те. Тек @МАРАТҚАНИЕВ деп жұмыс жасайды. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орны жойылып, бір шешімі табылады деген үметтемін.

Өзіңізге ұнайтын санатты таңдаулыға қосу. Сіз өзіңізге ұнайтын санатты таңдаулыға қосу арқылы, сол санатта жаңа сұрақ қойылса хабарлама алуыңызға болады. Ол үшін өзіңізге ұнайтын санатты ашып, санаттың сол жақ бөлігінде орналасқан жұлдызшаны шертеміз. Сосын сізге сол санатта жаңа сұрақ қойылса, автоматты түрде почтаңызға хат барады. Алдағы уақытта Қолданушыны да қосуға тырысамыз. Яғни қолданушыны таңдаулыға қосу арқылы сол қолданушының іс әрекеттері почтаңызға хат ретінде келіп тұру. Яғни сұрақ қойса осындай қолданушы сұрақ қойды деп баратындай.

Алдағаы демалыс күндері Cайттың ережесі мен FAQ-ге толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін болады. Ол өзгерістер мен толықтырулар тек сайт қолданушыларыға ғана емес сайттағы Модераторлар, Редакторлар, Мамандарға да тікелей қатысты болады. (Өз басының жеке мүддесі үшін сайт мүмкіншілігін асыра қолданатын қолданушыларға қатысты шара болмақ) Қандай өзгерістер, толықтырулар болды сол туралы дүйсенбі күні жеке жазба ретінде жазып шығатын боламын.

Мамандарды сайтқа тарту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни ірі мекемелердің мамандарымен бірлесе жұмыс жасап, сапалы жауап алу үшін еңбек етіп жатырмыз. Сайттың ішінде өзге де көптеген сіздерге білінбейтін істер атқарылылынып жатыр. Барлығы да сіздер үшін. Сондықтан бізбен бірге болыңыздар. Достарыңызды, таныстарыңызды, құрбы-құрдастарыңызды сайтқа шақырыңыздар. Бірлесе отырып сапалы сайт етіп шығарайық.

Құрметпен Сұрақ-Жауап сайтының әкімшілігі.

Мәләдес! Бәріңе Алланың нұры жаусын!

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Сайтқа өзгерістер енгізу құптарлық тірлік. Менің өтінішім: Маман, редактор, модератор етіп кім көрінгенді қоя бермеу керек. Бала-шаға болғасын, ойларына келгенін істеп кетеді. Сұрақтарды қате-қате қылып өңдеп қояды. Сауатты, білімді қолданушылар көп емес пе?

Енді сол бала-шағаның қызығы мен былығын көріп отырмадық па?
+1 дауыс

Сайтқа  дәрігерлер кіреді ма

Осында бір-екі дәрігерді көргенмін.
+1 дауыс

Әрине, құптарлық өзгерістер, (шамамыз жетіп жатса конкурстерге де қатынасармыз). Дүйсенбі күнгі жазбаңыды күтеміз

@vvvwww Ол кездегі жазба сайт ережесі мен faq қатысты болмақ. Яғни сайт ережесі мен faq өзгертулер мен толықтырулар қажет етіп жатыр.
Иә, бұл бір толғағы жеткен мәселе еді.
Бүгін қай уақытта шығар екен жазба.
Белгісіз
+2 дауыс

Дәрігерлер туралы аздаған мағлұмат берсеңіз. Неге дәрігерлерді сайтқа тартпасқа, себебі халық солардан білмей жүрген сұрақтарына жауап алады. Осыны ойланып көрсеңіз.

Сайтымызға денсаулық тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп отыратын дәрігер маманды табуға тырысамыз. Сайттың дәрігерлерін де естен шығармаңыздар. @Жақсы @Биология @Майрош атты мақтанышпен айта алатын мамандарымыз бар.
Бұл жерде Бек пен Димашты да атай кеткен жөн болар.
@Биология деген никтегі Димаш қой.
Сізді белгіліп кетті дегенге тағы не бүлдірдім десем))) Дәрігерлердің компта отыруға уақыттары бола бермейді негізінде, өз жұмыстары бастан асып жатқанда. Сұрақты қоя беріндер, қол тигенде көріп жауап берерміз
Сайтқа қажетті мамандар: дәрігерлер, программистер, психологтар және эрудиттер. Дін туралы сұрақтарды да, діни тұрғыдан берілген жауаптарды да жасырып тастап отыру қажет.
Неге дiни мамандарды да, яғни имамдарды да сайтқа тартпасқа Алматыдағы мешiттерден. Басқа саладағы мамандарды тартып, дiн саласындағы мамандарды ысырып тастау керек?
Белгісіз
+1 дауыс

Иа  өзгерістер  маған  ұнауда.Асық  қойсаңыз болама қалай  әлде  сайтқа  ауырлық түсеме ?

Ауыртпалық түсіреді. Оның үстіне жаңартылған нұсқасы шығып қалар деп отырмын. Себебі алдағы уақытта сайттың 1.7 нұсқасы шықса, біршама қосымшалар енгізілсе осы қосымша да бірге келуі мүмкін. Сондықтан алдағы уақыттың еншісінде, ал менің қазіргі бар ойым сайттың негізгі мүмкіншіліктері дұрыс жұмыс істеп тұрса екен деген.
+4 дауыс
Барлығына да толықтай келiсемiн. Сайтыңыз одан әрi дамып пайдалы сұрақтар мен жауаптарға толы болсын.
+5 дауыс
Өзгерістер маған ұнады. Өңдеу, жасыру, құлыптау бәрі керемет жұмыс істеп тұр. Сайтымыз гүлдене берсін.
Жақсы. Әттең логиніңде * белгісі бар. Айтпесе @ алып жазатын едім. :) Құдай қаласа көркейе беретін болмақ.
* белгісі тұрса бұл мүмкіндік іске аспай ма?
+1 дауыс

Бәріде құптауға тұрарлық.Бұйырса,жексенбі күні сайттағы сұрақтарды,жауаптарды өңдеймін деген ойда.Сауалнама жақсы қойылыпты.Мамандарда енді бірдеңе өңдеп отырсын.

+1 дауыс

Сайттағы өзгерістер үшін қуаныштымын, админге алғысымызды білдіреміз, жұмысыңызға сәттілік!

+1 дауыс

@admin әр адам өзінің логинін бір рет редактировать ете алатын мүмкіндік жасауға болмайды ма? Атым мен фамилиямның арасын қосып жіберейін деп едім:)

+4 дауыс

Сайттағы осы өзгерістердің өзі сайттың биікке ұмтылып, көркейіп келе жатқанынының белгісі емес пе?! Әсіресе, "Ірі мекемелердің мамандарымен бірлесе жұмыс жасап, сапалы жауап алу үшін еңбек етіп жатырмыз. Сайттың ішінде өзге де көптеген сіздерге білінбейтін істер атқарылылынып жатыр"-дегеніңізде төбем көкке жетті, қуанып отырмын. Осыны көптен бері күтіп жүр едім. Сайт биік белесетерден көріне берсін!)

+1 дауыс

сайтқа дін істер агенті кіреді ма? Неге оларды тартпасқа. Мысалы халықтың көкейінде жүрген сұрақтар қойылады.

Сонда сайттағы адамдардың иманы, өзіне- өзі деген сенімі артады.  Жалпы алғанда, сайтқа әр мамандардан тарту керек. Мысалға алатын болсақ, дін өкілі, дәрігерлер, журналисттер, ақын- жазушылар, үкімет басындағы депутаттардың біреуі сайтқа кірсе; яғни саясаттық сұрақтарға жауап беру үшін.
 

Иә, дұрыс айттыңыз, сонымен қоса, психологтар да болса, ақыл-кеңеске мұқтаж жандар да кездеседі.
Діни сұрақтарды шектейміз. Себебі өте ауыр тақырып. Ал психологтарды қарастырамыз. Сайтқа бір психолог маман керек.
Бұрын бір Сая деген психологтың оқуын оқып жүрген қыз жүруші еді ғой. Айтабердегі қазіргі нигі pana ғой деймін қателеспесем.
@sayon ___________________
@madi )))))) көріп жатырмын!
+2 дауыс

Тамаша, @Юзер қалай жағдаэң? xD #сүйісу

сонда мен @Бейсенбі бүгін... ді белгілей алмаймын екен ғо

Ербол, маған әлгі скриптіңді көрсетіп жіберсең, қарап жіберейін регуляркасын

...