0 дауыс
6.3k көрілді
Ғаламтордан ақша табуға арналған сайттарды қалдырсаңыз жақсы болар еді

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі кезде сайт арқылы ақша табу, көптеген адамдарды ойландыруда. Соған қарамастан, кішігірім сайт немесе блог арқылы ақша табуға болады екен. Өзіңіздің сайтыңыз арқылы ақша табу оңай, ең бастысы — ешқандай басқа талаптар керек емес. Осы жазылған «инструкцияны» оқу барысында, Сіз өзіңіздің сайтыңыз арқылы ақша табуға болады. Сайт арқылы қалай ақша табуға болады? Көптеген жолдар бар. Біз, ең бастыларын жинадық, міне соларға көшейік.
Интернетте орналасқан  сайт немесе блог арқылы ақша табу жолдары:
1. Сайт немесе блог арқылы сілтеме (ссылка) сату.
Осы әдіс арқылы қанша ақша табуға болады: айына $300 немесе одан да көп табуға болады.
Сілтеме (ссылка) сату — ақша табудың ең оңай жолы. Сатып алушыларды іздеп жатудың қажеті жоқ. Сатып алушылар Сізді сілтеме (ссылка) биржасы арқылы тауып алады. Сіздің сайтыңызда басқа сайттардың немесе блогтардың сілтемелері орналасатын болады, сол арқылы Сіз ақша тауып отырасыз. Сілтемелер сайттың төменгі жағында (футерде) орналасады, сайттың дизайнын құртпайды. Footer.php файлына сілтемелер қою арқылы Сіз ай сайын ақша табатын боласыз.
Пайдасы. Сайт дизайны құртылмайды. Толық автоматтандырылған система бойынша жұмыс істейді.
Кемшілігі. Қазақ тілінде жасалған сайттар арқылы ақша таба алмайсыз, себебі қазіргі кезде барлық сілтемелік биржалар орыс тілінде жұмыс істеп, тек орыс тілінде орындалған сайттармен ғана жұмыс  атқарады, егер де Сіздің сайтыңыз немесе блогыңыз қазақтілінде орындалған болса — қобалжымаңыз, себебі — сайт арқылы ақша табудың түрлері өте көп.
Сілтеме сату арқылы  ақша табу
2. Жарнамалық (Рекламалық) блогтар.
Сайтта немесе блогта жарнамалық (рекламалық) блогтарды орналастыру оңай. Жарнамалық блогтар сайттың кез-келген жеріне орналастырылады, ақша жарнаманы қойғаныңыз үшін және кликтер үшін беріледі.
Пайдасы. Ақша табу жолына жататын  осы методты, басқа методтармен қосып та ақша тауып жүре беруге болады. Ең атақты жарнамалық блог: ол — GoogleAdsense арқылы кез-келген сайтқа жарнама қоюғаболады.
Кемшілігі. Бұл системада Сіз өзіңіздің бағаларыңызды орната алмайсыз, бұл система автоматты түрде жұмыс істейді. Жарнамалықблогтарсайттакөпорыналады.
Begun системасы арқылы ақша табу
3.  Мақалаларды автоматты түрде жариялау.
«Мақалаларды автоматты түрде жариялау» арқылы ақша табу да оңай. Сіздің блогыңызға дайын мақалалар жазып, сол мақаларды сатасыз. Өзіңіз мақала жазып, блогқа кірген адамдарға сата аласыз немесе басқа да сервистер арқылы мақалаңызды сата аласыз. Жазылған мақала — түсінікті де, сатып алушыға ұнауы тиіс, себебі түсініксіз, еш пайдасы жоқ мақала кімге керек? Орыс тілінде мақала жазатын болсаңыз, тіпті жақсы, себебі көптеген сервистер орыс тілінде жұмыс істейді. Орыс тілінде жазылған, кез-келген тақырыптағы мақаланы, арнайы сервистерге қойып, сатасыз. Сервис сілтемесі төменде көрсетіледі.
Пайдасы.  Ақша табудың тағы да біржолы, және де автоматтандырылған система бойынша жұмыс істейді.
Кемшілігі. Сайтта немесе блогта көп орынды алады.
Seozavr системасына  тіркеліп ақша табу
http://pak.bugin.kz
This entry was posted in Танымand tagged Интернет арқылы ақша  табу жолдары, Интернет арқылы қалай ақша  табуға болады?, сайт  арқылы ақша табу  жолдары, сайт ашу, сайт ашу не үшін керек, сайт  ашқым келеді, сайтты  қалай ашам, ғаламтордан ақша табуon 04.11.2013.
Интернет арқылы  ақша табу жолдары
Leave a reply
Қазақстанда интернет арқылы ақша табудың ең көп кездесетін жолы – сайт жасау қызметі.
Мамандардың айтуынша, сайт жасау қызметінің құны орташа алғанда 100 АҚШ долларынан басталып, күрделілігіне қарай қымбаттай түседі. «Жоғары дәрежедегі корпоративті сайттың құны 1000 АҚШ долларын құрайды» дейді олар.
«САЙТ ҚҰНЫ КЛИЕНТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ»
ІТ инженер Рахым Меңлібаев бос уақытында сайт жасау бизнесімен айналысып, ақша табады. Оның айтуынша, Қазақстанда сайт жасау бизнесі барған сайын тиімді болып келеді.
- Сайт жасаушылар өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді: біреулер ақпаратты салып отырады, біреулер техника жөнінен жауап береді, біреулер дизайнына, скриптке жауаптанады. Флэшпен айналысатындар болады. Мысалы, менің достарым бірлесіп істейді. Сондықтан оларда тапсырыс көбірек. Ал мен жалғыз істегендіктен айына бір-екі тапсырыс қана аламын. Бірақ ол өзіме жетеді, – дейді Рахым Меңлібаев.
«Қосымша бизнесіңізден қанша табыс табасыз?» деген сұраққа ол «коммерциялық құпия» деп жауап беруден бас тартты. Оның ойынша, жасалатын сайттың құны тапсырыс күрделілігіне байланысты.
- Мысалы, жай визитка сайттары 300-400 доллар тұрады. Корпоративті сайттар күрделі. Сондықтан құны да қымбатырақ болады. Интернет-дүкендер бар, екі-үш беттен тұратын жарнама сайты болады. Сайттың құны клиентке байланысты. Айталық, кішкентай балалардың киімін сататын дүкенді алайық. Ондай сайттың жұмысы көбірек. Себебі, ашық түстер керек, балалардың дизайнын жасау керек. Бағасы да қымбатырақ болады, – дейді Рахым Меңлібаев.
«БАСТЫСЫ – ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ»
Интернет компаниясының бас директоры Дәурен Көбеев.
Интернет компаниясының бас директоры, интернет-бизнеске осыдан бірнеше жыл бұрын келген Дәурен Көбеев қазір интернет-сайттарды алға дамыту арқылы ақша табатынын айтады.
- Өте табысты бір танымал сайтта жұмыс жасап, үш жыл тәжірибе жинадым. Одан кейін сайт беттеріне жарнама іліп, Google мен Яндекс жүйелерінде SEO қызметтерін көрсеттік. Арасында, әрине, өзім бастаған шағын сайттар болды, – дейді ол.
Дәурен Көбеевтің айтуынша, ол сайттар Google Adsense партнерлік бағдарламасы арқылы табыс тапқан.
- Дәл қазір сондай табыс көзіне айналатын интернет-жобаларын жасаумен айналысамыз. Менің агенттігім осы жобаларды жарнамалаумен айналысады. Google Adsense жеке өзіме 200 АҚШ доллары көлемінде табыс алып келді. Студент кезінде ермек болды. Ал қазіргі жарнамалық агенттігімнің табысы құпия, – дейді Дәурен Көбеев.
Оның айтуынша, «бағбанға тән табандылық пен еңбек – интернет-бизнесте де өте керек қасиет».
- Жұртқа танымал болған жобалар асықпай табысқа жеткізеді. Қазірдің өзінде өзін-өзі ақтап жүрген жобалар бар. 25 жобаға жарнама ілумен айналысатын агенттігіміздің мәліметі бойынша, Қазақстанда потенциалы мол, табысты сайттар жетерлік. Ең бастысы, шыдамдылық пен инвестиция керек. Тұтынушыларды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіп, олармен сәтті қарым-қатынас жасай білу керек, – дейді Дәурен Көбеев.
«ФРИЛАНСЕРЛІК ӘДІС»
Қазақстанда «фрилансерлік әдіспен» де интернетті табыс көзіне айналдырған жастар бар. «Бұл – тұрақты табыс көзі болмаса да, керек кезде қосымша қаржылай көмек» дейді жастар.
Студент Диас Жеңісбеков қолы бос кезде осы әдіс арқылы ақша табатынын айтты.
-  Freelancer.com деген сайт бар. Онда фрилансерлерге арналған әртүрлі мазмұндағы тапсырмалар бар. Әртүрлі программа жазу керек болады. Олардың құны оңай-қиындығына байланысты. Оңай бағдарламаларды жазудың өзі 100 доллардай болады. Қиындары да бар. Ылғи ақша жетпей жүретін студенттер үшін өте тиімді нәрсе, – дейді Диас.
Ақпарат бойынша, тапсырыс беруші мен фрилансер арасындағы әріптестікті  Weblancer.net,  Free-lance.ru,  Acula.org,  Top-lance.ru,  Dowork.ru, т.б. сайттар жүзеге асырады.
Тапсырыс арқылы жұмыс істейтін фрилансерлерді түрлі топтарға бөлуге болады: ақпараттық-жарнамалық мазмұндағы мәтіндерді жазатын копирайтерлер мен рерайтерлер, рефераттар мен ғылыми жұмыс жазатындар, сайт жазушы веб-программистер, сайттардың қолданушыларын көбейтетін SEO-оптимизаторлар, веб-дизайнерлер, т.б.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ – ТАБЫС КӨЗІ
Программист Бейбарыс Әміржанов. (Сурет Facebook-тан алынған).
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілер, блог арқылы да ақша табуға болады.
Мұнда бастысы – аудитория жинау. Програмист Бейбарыс Әміржановтың айтуынша, мұндай әдістің бір кемшілігі – көп уақытты талап ететіні.
– Әрбір әлеуметтік желінің өз системасы бар. Мысалы, «Вконтакте» желісінде екінің бірі отырады. Сол жерде «Public» деген жерде әркім өзінің парақшасын ашып, оған қызықты мәліметтер енгізу арқылы аудитория жинай алады. Адамдар саны неғұрлым көбейген сайын қауымдастық иелеріне ірі компаниялардан жарнама беру жөнінде ұсыныс түсуі мүмкіндігі ұлғая түседі. Бірақ бұған көп уақыт керек, – дейді Бейбарыс Әміржанов.

0 дауыс
Ондай сайт көп қой оның бірі осы сайт.
0 дауыс

https://v-like.ru/?p=762424 осы ссылканы  адресная стокаға көшіріп Enter  батырмасын басып, Вконтакте әлеуметтік желісі арқылы тіркелесін. Бастапқыда күніне 500 теңгеге дейін табасың...

...