+5 дауыс
3.7k көрілді

Пернетақтада жылдам жазып үйрену үшін не істеуге болады? Клавиатурада жылдам жазу жолы?

пернетақта, әріп теру, клавиатура

10 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап

Пернетақтада жылдам жұмыс жасап үйрену үшін әуелі тышқансыз жұмыс жасап үйреніңіз.

Әдетте қолданушылардың көп уақытын тышқан алады, себебі қолданушы қолын пернетақтаға бір, тышқанға бір жүгіртіп отырады. Пернетақтаның көмегімен тышқансыз жұмыс жасауға болады,

windows операциялық жүйесінің ыстық пернелері тізімі мінекей

word мәтіндік редакторының ыстық пернелері тізімі мінекей

Осы (горячие клавиши) көрсетілген ыстық пернелермен жұмыс жасауды дағды қылсаңыз сіз пернетақтада едәуір жылдамдықпен жұмыс жасай аласыз, тышқанды да анда санда ұстайтын боласыз). Менің өз ойымша тышқансыз жұмыс істей алатын қолданушы - ол жылдам жаза алатын қолданушы)

Пернетақтадағы пернелерге келетін болсақ, біраз уақыт мәтін тергеннен соң, қолыңыз жаттығып, қай перненің қай жерде тұрғанын оқымай - ақ тауып ала беретін боласыз.

Айтпақшы жазған кезде екі қолмен жазып, мейлінше көп саусақты пернелерге жүгіртуге дағдыланыңыз. Пернетақтаның үстімен минимум 4 саусақ жүгіріп отырса жақсы.

Сәттілік!!!

+2 дауыс
Күнде СЖ-да отыру керек.
+1 дауыс
Көп жазу жазу қажет.Сонда үйреніп кетесің
+1 дауыс
Әлеуметтік желілерде көп отырып адамдар менен көп сөйлесу керек: вк, ватсап, аск, твиттер, Друквокруг тб
+Друквокруг.
+1 дауыс
Гта Сан Андреас уод жазып үйрену керек мен солай үйренгенмін.
+1 дауыс
Дмитрий Юдин : "Десятипальцевый метод печати с 0 до 300 знаков в минуту..." деген кітабын интернеттен тауып ал.
+2 дауыс
Айан Архарбек дұрыс айтады.

 Мен өз басымнан өткенді айтайын. Армияға барғанымда писар болдым. Командирге  жылдам жаза алмаймын деген едім, ол маған "правда" газетін қолыма беріп, осыны басынан бастап соңғы нүктесіне дейін басасың деп бұйрық берді.  Соны басып " Ятрань"-да  тез үйреніп кеттім сол заманда.
+1 дауыс
Мен қазір өте тез жазамын. Құпиясы жоқ. Алтыншы сыныптан бері, компта отырамын. Өзіңіз қай әріптің қайда тұрғанын миыңызға сақтасаңыз болғаны, өзінен-өзі қолыңыз жүгіріп тұрады.
+1 дауыс
көп  пернетақтада  жаз, сонда  қолын  тез  жаттығады
0 дауыс
"Соло на клавиатуре" багдарламасын пайдаланыныз
...