0 дауыс
591 көрілді
Өмірде мен сияқты адамдар бар шығар, жұмысқа тұрғалы әйтеуір қарыз бітпейді. Кризистен қалай шығуға болады?

4 жауап

+2 дауыс
Айлығыңыз қанша? Соған да байланысты. Жөні-жоқ заттар ала бермеңіз. Айлықты алғанда 10мың не 5мыңды бұл жоқ ақша деп есептеп тығып қойыңыз. Осылай  өз-өзіңе шарт қою арқылы ақшаны да үнемдеп, қарыздардан да құтылуға болады.
Ия өте дұрыс айттың
–1 дауыс
Лоторея ойнап көріңіз.
0 дауыс
Табыс көзiн бiрнешеге көбейту қажет...
0 дауыс
Іңкәр90, қайырлы күн! Бұл өкінішке қарай әлемдегі миллиондаған адамдардың проблемасы. Мысалы: Қазақстандағы жалақы алатын адамдардың 63 пайызының жалақысы келесі айға дейін жетпей қалады. Бұл зерттеу бойынша алынған деректер. Жағдайды реттеу өз қолыңызда. Бірінші табыс көзін көбейтуге тырысу керек. Негізгі жұмыстан тыс қосымша табыс табуға ұмтылыңыз. Мысалы қолыңыздан жазу келек ма, мақала жазып, сайттарға ұсыныңыз.Қолыңыздан тігу келе ма, түрлі бұйымдарды тігіп, әлеуметтік желі арқылы сатуға шығарыңыз. Мұндай мысалдар көп. Кіріс-шығыс есебін жүргізіп, барынша үнемшіл болуға тырысыңыз.Қаржы туралы жаңалықтарды, мақалаларды, танымдық ақпараттарды көбірек оқыңыз. Назарыңызға мына мақалаларды ұсынамыз. Оқып көріңіз. Мүмкін ой салар. Сізге сәттілік тілейміз. Тезірек қаржылық дағдарыстан шығуыңызға тілектеспіз. Айтпақшы, несие алуға тырыспаңыз. Ол қазіргі жағдайыңызды одан әрі қиындатуы мүмкін. Сұрақтар болса, "Қаржы кеңесшісі" айдарына жолдаңыз.

http://forbes.kz/finances/finance/nemshldk_piyalaryi

 http://forbes.kz/process/byudjett_tonaushyilar
...