+1 дауыс
11.5k көрілді
Киіз үйде неше уық бар?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Уық- парабола тәрізді . Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең, үй неғұрлым кең болған сайын уық саны арта түседі.

Уықтың ұзындығы үйдің көлеміне байланысты.12-16 қарыс мөлшерінде жасалынады (қарыс –ұзындық бірлігі) ,ал саны 45-120 болады. Уық саны 45,60,72,90,120.

Бұл сандардың бәріде 360-ты қалдықсыз бөледі.

Үйлер кеңдігіне қарай 4 қанатты, 5 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінеді

Қосымша мәлімет:

Ертеде адамдар уақыт өлшемдерін күнге қарап анықтаған. Уықтың арасынан түскен күн сәулесімен былай анықталады. Шаңырақтан түскен күн сәулесі үш уықтың арасын жүріп өтсе «бие сауым» уақыт деген.

Басқаша айтсақ , уақытты 1-5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты.

Екі уықтын арасы 5 см-ге тең  (уық саны 72 болса, 360/72=5) шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20, үш уықтың арасын 40 минутта жүріп өтеді. Уықтар конустар жасаушылар. Бүкіл уық қиық конусты құрайды. Төбесіндегі бұрышы 108. –қа тең.

Жақсы жауап.
+1 дауыс
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең.Сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Қой азғо ол.
+1 дауыс
Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты. Уық Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай»  дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау  тағады. Уықтың иілген жерін иығы  дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары  деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы  деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.  http://adyrna.kz/?p=971

Ұқсас сұрақтар

...