Уық- парабола тәрізді . Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең, үй неғұрлым кең болған сайын уық саны арта түседі.
Уықтың ұзындығы үйдің көлеміне байланысты.12-16 қарыс мөлшерінде жасалынады (қарыс –ұзындық бірлігі) ,ал саны 45-120 болады. Уық саны 45,60,72,90,120.
Бұл сандардың бәріде 360-ты қалдықсыз бөледі.
Үйлер кеңдігіне қарай 4 қанатты, 5 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінеді
Қосымша мәлімет:
Ертеде адамдар уақыт өлшемдерін күнге қарап анықтаған. Уықтың арасынан түскен күн сәулесімен былай анықталады. Шаңырақтан түскен күн сәулесі үш уықтың арасын жүріп өтсе «бие сауым» уақыт деген.
Басқаша айтсақ , уақытты 1-5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты.
Екі уықтын арасы 5 см-ге тең (уық саны 72 болса, 360/72=5) шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 20, үш уықтың арасын 40 минутта жүріп өтеді. Уықтар конустар жасаушылар. Бүкіл уық қиық конусты құрайды. Төбесіндегі бұрышы 108. –қа тең.