Сұрақ-Жауап сайтын талқылау

+10 дауыс
1.8k қаралым

Сайт қолданушыларына сәлем!

Сайтта болып жатқан жағдайларға анализ жүргізіп отырып, кері байланыс арқылы сайт қолданушылары арқылы келіп жатқан хаттарды оқып, қажет болса жауап беріп жатырмын.

Осыдан бір ай бұрын басталған әр айдың белсенді қолданушыларын марапаттау үлкен белсенділікті туғызды. Бәсекелестік артты десем де қате айтпаған болармын. Осы және басқа да факторларды ескеріп шағын бір хабарлама айтып кетсем деп едім.

1. Менің логинімді ауыстырып берші дегеннен бұрын неге ауыстыру керектігі туралы ақпаратты қоса жазып жіберсеңіздер. Маған ұнамай тұр, сол үшін ауыстыршы деген жарамайды. Шынымен де ауыстыруды қажет ететін жағдай болса ауыстырып беремін. Ауыстыру үшін серведі өшіріп, сосын барып деректер қорына кіріп барып ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан ауыстыра салу оңай шаруа емес, аздаған уақытты тала етеді.

2. Келесі аптаның соңына дейін видеонұсқаулықтар түсіретін боалмын.

  • Сұрақ-Жауап сайты деген не?
  • Қалай тіркелуге болады?
  • Құпиясөзді қалай қалпына келтіремін?
  • Қалай сұрақ қоямын?
  • Қалай жауап беремін?
  • Блог жүргізу
  • т.б.

осы секілді тақырыптарға жауап беретін 2-3 минуттық видеонұсқаулықтар болады.

3. Сайттағы әр айдың белсенді қолданушыларын анықтау сайысында келіспеушіліктер болып жатқанын байқадым. Тағы да қайталап өтейін: Сайттың оң жағындағы белсендіктерді анықтау автоматты түрде балл жүйесіне негізделген. Сондықтан оны соңғы шешім ретінде қабылмаймын. Соңғы шешімді өзім қабылдаймын. Яғни айдың соңғы белсенділерін мен таңдаймын, сайт таңдамайды.

Сондықтан сапалы жазып, жақсы жауап санын артырайық.

Мысалы: 

Бір қолданушы бірінші орында тұр: Жауаптары: 930 (9 жақсы жауап)

Екінші қолданушы 6 немесе 7 орында тұр: Жауаптары: 1,479 (306 жақсы жауап)

Әрине мен бірінші орынды бірінші орындағы қолданушыға бермеймін. Балл үшін бос жауап беріп, бірінші орында тұрғанымен жақсы жауаптар саны 9-ақ болса оған бірінші орынды бермейтінім-анық.

Сондықтан балл жинағанда да бос жауап беріп, ЖЖ саны болмаса бірінші орында тұрғанымен 5-тікке де енбей қалса таң қалмаңыздар. Не үшін алдын айтпадың, мені алдадың деп ертеңгі күні еш қолданушы өкпелеудің қажеті жоқ. Мен нағыз шын белсендіні марапаттаймын.

4. Қаңтар айындағы белсенділерді марапаттап шықтым. Тек Шыңғыс хан атты қолданушы ғана қалды. Өкінішке орай Қарақалпақстан елінен болғандықтан, аудару жағы шешілмей жатыр. Алдағы уақытта ол жағын қарастырамын.

5. Блог жазуға шақырамын. Өзге сайттардан көшірілмеген, өздері жазған жазбалар ескеріледі. https://surak.baribar.kz/blogs

6. Сайт қолданушыларына ұсыныс. Өздеріңіздің сыныптастарыңыз, группаластарыңыз, аға-әпкелеріңізді сайтқа тіркелуге шақырсаңыздар. Әр қолданушы 5-10 шақты қолданушыны тартып, сайтты қалай қолдану керектігі, сайттың мақсаты туралы шағын-шағын лекция-практикалық шаралар істеп, қолданушылар тартса керемет болар еді.

7. Сұрақ-Жауап сайтында белсенді болған қолданушыларға сертификат жағына келетін болсақ. Оны ұйымдастыра аламын. Қазір менің печатьымда ИП Серікбай Е.А. деп кеткен екен. Оның атын өзгертіп SZH Media деп өзгертіп алсам, онда печать басып әр айдың белсенді қолданушыларына таратуға боалды. Есесіне ол сіздерге грамота ретінде жүреді. Егер ата-аналарыңыз мұғалім болатын болса, өздерінде бар ақпаратпен сайтымызда, блогта жазбалар жариялап бөлісетін болса сертификат бере аламыз алдағы уақытта.

Сайтқа қатысты ойларыңыз болса осында жауап беріп жазсаңыздар болады. Сайтқа қатысты қазіргі жағдайларды бір талқылап алсақ деп едім.

• Санаты: Жалпы сұрақ
Мысалы мен шығармын. Оған ренжудің қажеті жоқ. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады", - деген атам қазақ.
Орынбасар,сен емессің))
Ренжімейм м.вирус,тек грубо жазбасаңызшы))
Мақұл ) Ренжітіп алсам, кешір ;)
Әй, мен болармын.
Терминатор болып кетiпсiң ғой деген екен...
Грамматикалық қателер ФАК көмекте де бар,өңдейтін ойың жоқ па Ереке?

20 жауап

+2 дауыс
Бұлай болмайды мен жалоба жасайм ен_аморбектiң үстiнен. Менi себепсiз баннға салды бiр апта бойы сұрағымды қоя алмай жүрдiм. Мен оған бұтың қисық деген жоқпын, әйтеуiр сала салды. Админнiң танысымын деп сала бередiма ендi дейсiң ғой, бiрақ айтқаннан сөзiңе құлақ түретiн адам жоқта қарап тұрсаң. Түсiнем ендi Жәкең айтпақшы Админнiң де уақыты жоқ, оқу, бойдақшылық дегендей, бiрақ 16-сағат сайтты бақылауда прикин...
Қолданушының сайттағы балалық іс - әрекеті негізінде.. 24-сағатқа банға салынған болатын.
Ереже 4.4.
+2 дауыс
Админ, осы сайтта қолданушылар есімдерін өздері ауыстыра алатын жағдайларды жасауға болмас па екен?
Онда Қолданушылардың бәрі Атын ауыстырып жібередіғо
Ол әр колданушының тусинигине понятиясына байланысты ғой)
Біріңді-бірің танымай кетпеймізбе?
Ол да мүмкін әрине. Тиімділікті тек өз жағыма ғана шешетін сияқтымын. Тану танымау жағына келсек осы дұрыс сияқты.
0 дауыс
Жаңа қолданушы болса, мүмкіндігі болмайтын шығар .... Ия ?
+1 дауыс

Бәрі чатта отырады сұраққа жауап беретін адам қалмады))

Бұл қашан болған
бүгін болады
0 дауыс
Өте жақсы.
Егер адамдар қате жазбаса жақсы болар еді.
Мысалы тійіу деп емес тию деп жазылады ғой.(Бір жерден көріп қалдым)Бірақ оны модераторлар түземейді…Мұны да байқадым…

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы