0 дауыс
1.6k көрілді
Балқадиша Ақан серінің кімі болады?

1 жауап

+3 дауыс
Ешкімі де емес, Ақан сері ел кезіп, қыдырып жүріп сол Балхадиша ауылында қонақта болған. Ол кезде Ақанның аты-шулы боп дүркіреп тұрған кезі болса керек, ал Балхадиша атастырылып қойған кезі. Ақан келді деген соң бәрі сол үйге жиналып сауық-сайран құрады, қазіргі тілмен айтқанда вечеринка. Содан "сақтықта қорлық жоқ" деген қағидамен Балхадишаға әкесі мен ағалары оны алып қайтуды талап етіп бірінен кейін бірін оның женгелерін жібереді. Олардың есік жақта отырып ымдағанын сезіп отырған ақын сол жерде отырып "Балхадиша" әнін шығарған. Содан елге аңыз боп тарап кеткен.
Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, бар Хадиша....
...