Денсаулық, Әдемілік | 2.3k қаралды
2.3k қаралды
Ерінді томпитатын қандай жаттығулар бар? Және бет пішінге арналған жаттығулардың суреті бар ма? алдын-ала рахмет!

2 жауап

Фейсбилдинг: бетті қалпына келтіру

Бет бұлшық еттерін дене бұлшық еттері сияқты жаттықтыруға болады. Бетке арналған 8 жаттығуды жасау арқылы көтеріңкі бет сүйектер, әдемі, айқын иектерді қалпына келтіріп, мұрын мен ерін айналасындағы қатпарларды жоюға мүмкіндік береді. Балғын, әдемі бет – бұл тек қана жақсы тері емес. Уақыт пен табиғи құбылыстар бетті шашыраңқы етеді: бұлшық еттер босаңсып, жақ солыңқы тарта бастайды, екі иек пайда болады. Бетте қан айналу процесі бұзылып, бұл да бет терісіне әсер етпей қоймайды. Және «солғын беттің» бірінші белгілері 25 жастан біліне бастайды!

Әрине, жақсы таңдалып алынған косметика терінің балғындығын ұзаққа ұстап тұра алады. Алайда бұл бір жақтан ғана, яғни сырттан әсер етеді, ал басты себеп – іште. Фейсбилдинг, бет бұлшық еттерінің жаттығуы, тері мәселесіне іштей әсер етеді. Фейсбилдинг жаттығулары үшін тренажердің де, спорттық киімдердің де қажеті жоқ. Бұл жаттығуларды жас та, кәрі де жасай береді. Күнделікті жаттығулар нәтижесін көп күттіртпейді: бұлшық еттер тартылып, қан айналымы жақсарып, тері жаңарып, жас, әрі балғын көрінеді. Жаттығуларды жасауға дайынсыз ба? Кеттік!

1. Маңдайға арналған жаттығу. Екі қолыңыздың саусақтарын маңдайыңызға қойыңыз. Шынашақтарыңыз қастарыңызда жату керек. Енді саусақтарыңызға тойтарыса отырып, қастарыңызды төмен, жоғары көтеріңіз.

2. Көздерге арналған жаттығу. Көздеріңізді барынша ашыңыз, бақырайтыңыз да, қайта қалпына келтіріңіз.

3. Бет сүйектеріне арналған жаттығу. Саусақтарыңызды езулеріңізге қойып, жымиыңыз. Ауыз, бет бұлшық еттерін құлақтарыңызға шейін тырыстырыңыз. Қайта қалпына келтіріңіз.

4. Ауыз бұлшық еттерінің босаңсуына арналған жаттығу. Еріндеріңізді тістеріңіздің арасына қысыңыз да, ауыз бұрыштарын жоғары көтеріңіз. Біраз ұстап тұрып, жіберіңіз. Бұл еріннің үстіңгі жағында әжімдер пайда болудың алдын алады.

5. Көз айналасында әжім пайда болудың алдын алуға арналған жаттығу. Саусақтарыңызды көздеріңіздің айналасына қойыңыз да астыңғы қабағыңызды қатты қатайтыңыз. Қайта қалпына келтіріңіз.

6. Екі иекке қарсы жаттығу. Жұдырығыңызды түйіп иегіңіздің астына қойыңыз да, жұдырыққа тойтарыса отырып, аузыңызды ашыңыз. Кейін бас бармағыңызбен иегіңіздің астын баса отырып, тіліңізді төмен қаратып, қаттырақ шығаруға тырысыңыз.

7. Мойынға арналған жаттығу. Бар күшіңізбен астыңғы ерініңізді төмен қарата созыңыз, астыңғы тістеріңіз көрінетіндей болсын (бірақ езуіңіз жыйылып тұратын болсын). Егер жаттығуды дұрыс жасасаңыз, мойын бұлшық еттерінің бедерлері көрінуі керек.

8. Бет пішінін қатайтатын жаттығу. Ауызды қаттырақ ашып, астыңғы иегіңізді алдыға шығару арқылы бет пен иекке күш түсіріп, қатайту. Қайта қалпына келтіру.

Осы жаттығуларды аптаның 5 күнінде жасап тұру ләзім. Әрбір жаттығуды 5 реттен 6 секунд жасау керек, біртіндеп қайталау санын 20-ға дейін жеткізіңіз. Жаттығуларды жатар алдында жасаған жақсы, бірақ күннің кез келген мезгілінде жасай берсеңіз де болады.

 

Жақсы Жауап
Ерінді томпайтатын помадалар толып тұр) Ал бет жаттығуларына келсек, адамның бұлшықеттері сүйекке сіңір арқылы байланысады, тек бет бұлшық еттері ғана бет сүйектеріне сіңірсіз байланысқан. Сондықтан қартайған адамда көзінің асты, бет, жақ бұлшықеттері салбырап тұрады, Бетке массаж, жаттығу көп жасай берсен сүйектен ажырау процессі де тез жүруі мүмкін, яғни, кәрі адамның бетіндей салбырап қалуы мүмкін. Бетке жаттығуды қатты және жиі жасамау керек
118,282 сұрақ
305,016 жауап
153,298 пікір
67,324 қолданушы