0 дауыс
8.4k көрілді
Бұйыра сөйлеу әдептілікке жата ма эссе керек?

2 жауап

+1 дауыс

Адамның сөйлеу әдебі – әлеуметтік мәртебенің негізгі көрсеткіші

Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары
ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. 
Теплов Б.

     Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

     Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
      Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
       Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан
    ... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік
        Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал  енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?       
     Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады

Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі[5,7]. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді»[6,25].
     Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады
        Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде  сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал  келтірейін. Бірсыпыра  замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен Байзақовада тұрамын», «Мақатаевадан трамвайға мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? – десең, «әдет қой» дейді[4,10]. Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали  әйел болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді?  Енді бірде студенттер мен  мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б.) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.
         Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
         Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1.    Ортаның әсері;
а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді
ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)
2.    Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3.    Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)
   «Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
    Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.
       Әлеуметтік мәртебе ағыл. social status – құқықтарын, міндеттерін және мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін (оның ішінде Тіл практикасы да) қамтитын, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
    Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен   айқындалады. Бұдан да басқа нұсқалары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.  Тағы да бір үлкен  ерекшелік – тұлғаның сөйлеу әдебімен байланысты. Яғни, тұлғаның  тілі, сөзі, сөйлеу әдебі оның  әлеуметтік мәртебесін анықтауда үлкен рөл атқарады. Жалпы, біз осыған байланысты адамдарды әлеуметтік мәртебелеріне қарай төмендегідей топтастырдық :
1.      Жоғарғы  әлеуметтік мәртебе  (депутаттар, іскерлер, ішкі істер қызметкерлері т.б.)
2.      Ортаңғы әлеуметтік мәртебе (мұғалімдер, дәрігерлер т.б.)
3.      Төменгі әлеуметтік мәртебе  (студенттер, жастар т.б. )
     Енді осы тұлғаларға қатысты кішігірім сауалнама қорытындысын баяндай кетейін. «Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры қайда орналасқан? деген сұрақ бойынша  бірсыпыра замандастарымыз  «Абылай хана Маметова» деумен болды. Ол жайында жоғарыда тоқталып өттік. Тағы бір байқайтынымыз көрсетілген бейнебаянда 3 мұғалім бар. Және де олар сұраққа сүрінбей жауап берді.  Бұл көңіліңді қуантады. Және оларды анықтау қиынға соқпады. Сауалнама қорытындысы бойынша сөйлеу әдебін жиі сақтайтындар қатарына ортаңғы әлеуметтік топ өкілдері жатады. Ал қалған екі топ әзірге артта келеді.

Қазіргі заман талабына сай үлкен бе, кіші ме бәрінің қолында бір-бір, кейбірінде екі ұялы телефоннан. Ұялы телефонымен қызметте, қалалық көлікте, дүкенде және тағы да басқа жерлерде көпшіліктің ішінде жүріп мәдениетсіздікке жол беріп пайдаланғанын көргенде көңіліңе реніш ұялайды.

Көпшілік жерде кезекке тұрып қалсаң, қалалық көлікте тұтынушылардың арасында тұрсаң, қызметте бір бөлменің ішінде 5-6 қызметкермен болған жағдайларда ұялы телефонның бар қаттысына қойған дыбысын және жағы-мсыз әндерін тыңдауға мәжбүр боласың. Кейбіреулері жауап бермейді дағы, хабар-ласушының ғана емес, біз-дердің дағы жүйкемізді жұ-қартады. Ескерту жасасаң дөрекіліктен басқа жауап ала-алмайсың. Кейде екі-үш түскен қоңыраудан кейін берген мәдениетсіз жауабын естисің. Түскен қоңырауға үнсіз, жауапсыз тұратындар да бар. Қателесіп қоңырау салған адамдардың да алған жауабы жан түршіктіреді. Естіген дөрекілік пен өрескелділіктен кейін ойлайсың: «Бұл өмірде әдептілік пен мәдениеттілікке орын жоқ па?» - деп.

Бұл жайында басқалардың ойының қандай екенін білмеймін. Бірақ, менің ойымша телефон қоңырауына да мәдениетті түрде жауап беру керек. Телефонмен сөйлесудің дағы әдебі бар. Өкінішке орай, қысқа да нұсқа сөйлесуге немесе SMS хабарлама жасауға әдеттенген жастар арасында сөйлесу мәдениетінің деңгейі төмендеп бара жатқаны да рас. Мәселен, қоғамдық көліктерде жанындағы адаммен санаспай, телефон арқылы дауыс көтере сөйлесіп, тіпті жеке мәселелерін талқылап, айқайласып ұрысып отырғандарды жиі көруге болады.

Кейде телефоныңызға бейтаныс нөмір қоңырау шалады да сәлем-сауқатсыз «Бұл кім? деп бірден дүрсе ете қалады. Немесе әй-шәй жоқ нұсқау беріп бұйырып сөйлеуі мүмкін. Бұндай кезде телефон соғып тұрған адам жағымсыз, қалай сөйлеуді білмейтін дөрекі боп көрінеді. Ол туралы «Қандай мәдениетсіз адам!» деген ой түйесіз. 
Көпшіліктің ортасына шық-қанда ұялы телефонның дыбысын азайтып қойған жөн. Түскен жауапқа айнала- 
ңдағылардың назарын аудармауға тырысып, уақтылы жауап берген дұрыс болар еді. Телефонға қоңырау түскен сәтте қасыңдағылардан кеші-рім сұрап, оқшау жерге барып сөйлескен әдептілікке жатады. Қызмет орнында отырсаң келесі бөлмеге шығып кеткен дұрыс. Әңгіменің басқаларға қатысы жоқ. Бірақ, жұмыс уақытында отырған орнынан қоңырау салушымен сөйлесіп көп мәселесін шешетіндер екінің бірі осы күнде. Қасын-дағылар да қарық болып қалады естігендеріне. Және қызмет жасап отырған күйден айырылып, көңілі құла-зып селқостыққа басады. Ал кей қызметкерлердің өздеріне жұмыс бабымен әріптестері келіп отырса да, осындай ортақ іске қатысы жоқ әңгімелер айтатыны тым ыңғайсыз көрінеді.

Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететін жалғыз мүмкінді-гіңіз – дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді, қуаныш-қайғыңызды білдіреді. Телефон сіздің даусыңызды құбылтып, өзгертіп, жағымсыз әсер беруі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сондықтан телефонмен сөйлескенде сыпайы болғаныңыз дұрыс.

Сондықтан ұялы телефонды пайдаланғанда көптеген адамдар қарсы дауыс анық естілмесе, дауысын көтеріп сөйлеуге мәжбүр. Мұндайда желінің арғы жағындағы адам-ға қаттырақ, анық сөйлеуін ескерткен дұрыс. 
Негізі телефонмен сөйлес-кен де, сөйлесу этикасы да өзіңіздің кім екеніңізді таныстырудан басталуы қажет (тіпті сізді даусыңыздан танитын болғанның өзінде, кім екеніңізді оқып біліп тұрса дағы). Одан кейін сыпайы түрде хабарласқан себебіңізді айтыңыз. Ал, егер сізге біреу хабарласып тұрған болса сөзін бөлмей, аяғына дейін тыңдаңыз. Сөйлесіп болғаннан соң, телефонды өшірмей тұрып рахметіңізді айтып, «сау болыңыз» деп қойған мәдениеттілікке жатады.

Сонымен қатар белгілі бір себеп болмаса, түнде телефон соғу да әдепсіздік. Негізі түнгі сағат 10-ға дейін қоңырау шалуға болады.

Өзін әдептімін деп санайтын әрбір адам жоғарыдағы айтылған әдепсіздік жайларға көңіл бөліп, қайталанбауына әркет жасасаңыз және әдептілік ережелерін ұстаға-ныңыз дұрыс болған болар еді.

Екінші мәселем қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстаудың әдебін сақтау. Кеңес уақыты деп айтсақта, ауылдан шық-қан азаматпыз. Бірақ, үлкенді сыйлау, мәдениеттілік, әдептілік дегенді мейлінше сақтауға тырыстық. Туғаннан бастап біздерді әдептілікке, мәдениетті болуға, ілтипат-тық жасап кішірейуге және қасыңдағылармен есептесіп, сенімін ақтауды құлағымызға құйып отырушы еді. Әрине, «сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ» болмайды демекші, менің дағы қателес-кен кездерім болған шығар.

Бүгінгі жастарды кемітіп отырғаным емес, қайта сенім артып, олардың келешегі жарқын болып, Отанымызды көркейтіп, гүлдендіретін солар болады деген ойдамын.

Өкінішке орай, бүгінгі жастардың ортасында үлкенді сыйлаудың деңгейі төмен бе деп ойлаймын. Жаяу жүргенді және қоғамдық көліктің қызметін пайдаланғанды жақсы көремін. Және жиі пайдаланамын. Қала маңына жүретін электричкаларды, кейде алыс жолға жүретін поездармен сапарға шығып жүрмін. Көңілге ой салатын көріністерді қаланың ішіндегі қоғамдық көліктерден және кейбір алыс қашықтықтарға жүрген поездарда кездестіресің. 
Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстаудың әдебін мейлінше көп адамдар сақтай бермейді. Әсіресе бұл жастарға тікелей қатысты. Негізі автобус, поезға мінерде ең алдымен оған жасы егде адамдардың, әйелдердің кіріп болуын күту керек. Ал, кейбір жастар автобустың ішінде көріп тұрған бос орынға ұмтылады. Қалған жағдайларды ойға да алмайды, яғни есептеспейді. Егер жасы үлкен адамдарға көмек қажет деп табылса, сүйемелдеп, қолтықтан демеп жіберген дұрыс болар еді. Автобусқа мінгеннен соң, егер адам аз болса сіздің екі адамдық орындықты бір өзіңіз алып отыруыңыз ыңғайсыз. Қолыңыздағы сөмкеңізді адамдар аз болып, бос орындар бар кезде ғана қатардағы орындық үстіне қоюға болады. Отыратын орындар әдетте жасы үлкен адамдарға, жас сәбилі ата-аналарға, мүгедектерге, әйелдерге ұсынылады. Бұл әсіресе жас жігіттер тарапынан ұсынылуға тиіс ізет. Мұндай көпшілік мінетін көліктерде тамақтанбайды, темекі шекпейді, салонға балмұздақ алып кірмейді. Қатты күлу, даурығып сөйлеу де әдепсіздікке жатады. Басқа жұрттардың көзінше отбасындағы, қызметтегі жаңалықтарды сөз ету, бөтен әңгімелерді тыңдау жараспайды.

Алыс қашықтықта жүретін поезда жолаушы болудың да өз әдеп ерекшеліктері бар. Поезға мінгеннен кейін купесіне келген жолаушы өзіне дейін онда отырғандармен қысқа ғана, бірақ сыпайы түрде сәлемдеседі. Бірден жұртты әңгімеге тартып, қай станцияға дейін баратындықтарын сұрастыруға асығудың да қажеті жоқ. Таныстық біртіндеп барып өзінен-өзі табиғи басталып кетуі тиіс. Және екінші адамның өзі ыңғай бермесе, әр нәрсені қазбалып сұрап жату да жөн емес. Мұндай реттерде тек шығар кезде ғана бір-бірімен жылы қоштасады. Кішіпейіл адамдар (ер кісілер ғана емес, әйелдер де) әр уақытта қарт немесе дімкәс адамның жүгін вагоннан шығарысуға көмектеседі. 

Купеде темекі тартуға болмайды. Кейбіреулердің бойында купеде шылым будақтатып, оның күлін еденге сілкіп отыратын жаман әдеттер де кездеседі. Бұл еш төзуге болмайтын қылық.

Әрбір купеде радио бар. Оны күшейтіп, төмендетуді басқа жолаушылардан рұқсат сұрап барып қана жасауға болады. Өзін әдептімін деп санайтын жігіт таңертең және кешкіқұрым сол купеде өзімен бірге келе жатқан қыздардың киінуі мен ұйқыға қамдануына мұрсат беру үшін тысқа шығып кетеді.

Вагонда спирттік ішімдік ішуге әуес жандардың, сол купеде өзімен бірге келе жатқан ішпейтін адамдарға әр түрлі ыңғайсыздықтар тудыратынын естен шығармағаны жөн. Өйткені ол адамдар амалсыздан қызған адамның лепірме сөздеріне, табысқа бейімделігіне, кінәмшілдігіне, оның лебінен шығып тұрған арақ иісіне төзуге мәжбүр. 

Әдептілік салты төменгі орындарды қарт, егде, жас балалы аналарға ұсынуды діттейді. Әрі мұны жолсерік те ойластырады.

Дүкенге кірмес бұрын одан шығып келе жатқандарға жол беру керек. Егер сізден кейін біреу келе жатса, есікті жаппай күте тұрыңыз. Дүкенге кіргенде амандасып, шыққанда қоштасады. Әмбебап дүкен, сондай-ақ алушыларға толы, кіріп-шығып жатқандар байқалмайтын дүкенде амандаспайды.

Дүкенде темекі тартуға болмайды. Азық-түлік дүкен-деріне ит ертіп кіруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Сонымен қатар азық-түлікті қолмен ұстап көруге болмайды.

Жынысына, жасына немесе қоғамдық жағдайына қарамастан әрбір сатып алушы кезек сақтауға тиіс. Тек өте ерекше жағдайларда ғана алда тұрғандардын бірдеңені кезексіз сатып алуға рұқсат сұрауға болады. Кішкентай балалы сатып алушыларды кезексіз жіберген жөн. Кезекте тұрғандардың арасында кимелемеңіз, сөреде жатқан заттарға олардың иығынан асылып қарамаңыз.

Басқа сатып алушымен сөйлесіп немесе есептесіп тұрған сатушыға сұрақ қойып мазасын алу дұрыс емес. Сатушы босағанша сатып алушы күте тұруға тиіс. Нені және қандай мөлшерде сатып алу қажеттігі алдын ала ойластырылған болуы тиіс. Ұмытшақ адам алдын ала сатып алатын заттарының тізімін жазып алғаны дұрыс. 

Сатушыға сыпайлық ере-желеріне сай сөйлейді. Тәкә-ппарлық сияқты, өктем, көтеріңкі сөйлеу де адамның тәрбиесіздігінің белгісі. Сатуға қойылған заттарды абайлап ұстау, мыжғыламау және затты терщең, лас қолмен ұстамау керек.

Әйелдер көйлекті киіп көргенде оны ерніне жаққан далабымен бүлдірмеу жайын ойластыруға тиіс. 

Егер зат өзіңізге сыймайды деп санасаңыз, рахмет айтып, мазалағаныңыз үшін кешірім сұрауыңыз керек. Кейбір адамдардың ұзақ таңдағаннан соң, затты сатып алмайтын болып ұйғаруынан туған ыңғайсыздықты білдірмеу үшін оны сынап-міней бастайтын әдеті болады. Сіздің тиісті мөлшерде ақшаңыз жоқ екенін, өзіңіздің басқа дүкендерді де көріп шыққыңыз келетінін немесе сатып алу, алмауы әлі шешпегендігіңізді мойындауыңыздың еш айыбы жоқ. Мақсатсыз дүкен аралап жүруге дағдыланбау керек. Дүкенде онсыз да сатып алушылар толы болады. 
Осы жерде сатушыларға айта кету керек. Келушілерге қызмет көрсету сатып алушылармен биязы сөйлесіп, олардың затты таңдап алуына көмектесе білу мен соған талпынуды қажет етеді. Кәсіптік этика сатушыдан сатып алушылардың барлық категориясын – кішісінен үлкеніне дейін – сыйлауды талап етеді. Балаларға (ал кейде ересектерге де) қызмет көрсету сонымен қатар тәрбие процесі екенін есте сақтау қажет.

Дерек көздері: 1, 2.

0 дауыс
Буйыра сойлеу адепке жатпайды.Арбир адам бир-бирине буйырып сойлесе кейынги урпакка не болатынын типти елестету де киын.Ар адам оз кукыгымен журуы тиыс!Ешкашан бир-бирлеринизге буйырып сойлемегендериниз жон!
...