0 дауыс
2.7k көрілді
География пәнін таңдасам,қандай мамандықтар бар? Толық мағлұмат керек.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер таңдау пәндерің география болса, «География»,«Экономика», «Менеджмент», «Есепжәнеаудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Мемлекеттікжәнежергіліктібасқару», «Гидрология», «Метеорология», «Геодезияжәнекартография», «Туризм», «Әлеуметтік-мәденисервис», «Қоғамменжұмыс», «Жергеорналастыру», «Кәсіптікоқыту», «Кадастр», «Қоршағанортанықорғаужәнеөміртіршілігініңқауіпсіздігі», «Бағалау», «Суресурстарыжәнесудыпайдалану», «Орманқорларыжәнеорманшаруашылығы»сындымамандықтарғатапсырааласыңдар.
Қай ЖОО-ларда оқуға болады?
Бұл мамандықтар бойынша еліміздегі көптеген Жоғары оқу орындарында оқуға болады. Бірнешеуін атап өтейік. Мәселен,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-даГеография және табиғатты пайдалану факультетіне география таңдаған талапкерлер үшін тоғыз мамандық бар. Сондай-ақ, Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде жоғарыдағы тізімде аталған жеті мамандық бар. Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71-үй. Сайты: www.kaznu.kz
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетініңСәулет-құрылыс факультетінде«Су ресурстары және суды пайдалану», «Орман қорлары және орман шаруашылығы» мамандықтары бар. Ал осы университеттің Тау-кен металлургиялық факультеті «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары бойынша дәріс бередi.
+1 дауыс
Географияда КНБ, бизнес, мемлекеттік және өзін-өзі басқару, банкир,менеджер, маркетинг, экономист мамандықтары бар. География таңдасаңыз жерде қалмайсыз. Өзім таңдап отырмын.
...