+2 дауыс
3.1k көрілді

Қашан пайда болды? Кім ойлап тапты?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сабын біздің заманымызға дейінгі 2 800 жылдары қолданылған. Месопатомия мен Вавилонда сабынды жасаған екен. Кейінірек кездескен (б.з.д. 2 200 жыл) деректерде (Египеттік папирустар) египеттіктердің сабынды пайдаланғандығын баяндаған.
Атыңызға затыңыз сай екен. Ризамын.
0 дауыс
Біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген.Солардың бір түрін баян етейін.Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болғанын бәріміз білерміз деп ойлаймын.Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған.Мен соның бірі,түкке аспайды ау деп ойлауға болатын кәдігімгі мүжіп тасталған сүйектен қалай сабын жасалғаны туралы айтқым келеді.Малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған  алабота шөбін өртеу арқылы  күлін жинайды.Қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін 1/1салып әбден қоюланғанша  оқтаумен бұлғап отырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан алып салқындатады да сабынның формасына келтіріп жасайтын болған.Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп атаған.Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бүзаубас"сабын деп атаған.Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған.
...