+1 дауыс
702 көрілді
Байқоңырдан Астанаға қалай, қанша күнде барады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Байқоңыр мен Астананың арақашықтығы 1416 км, 24 сағат 36 минутта жетуге болады. Маршрут мында көрсетілген. Және де осы сілтеме арқыылы басқа да көптеген мәліметтер ала аласыз. Егер де қаласаңыз Астанадан алдын ала қонақүй нөмерін "брондап" қоюға болады. :)

0 дауыс

Байқоңыр – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Қазақстандағы саяхатшылар әсіресе, шетелдік туристердің таңдауы көп түсетін туристік басым бағыттардың бірі осы Байқоңыр қаласы. Бүгін еліміздің ғарыш айлағына қалай және қандай жолдар арқылы жетуге болатынын қарастырамыз.

Байқоңыр қай жерде орналасқан?

Байқоңыр – ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі. Бұл ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Жалпы көлемі 6,7 мың км жерді алып жатыр. Алматыдан Байқоңырға дейін арақашықтық – 1406,3 км.

Байқоңырдың ерекшелігі қандай?

Байқоңыр планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және ол қазіргі таңда ең үлкен ғарыш кешені. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан ұшырылады. 1955 жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр емес, Тайга деп аталып, құпия түрде жүзеге асырылған.

Батыс барлау қызметтерінің назарын басқа жаққа аудару үшін Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр ауылының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр ауылы аталып келген. Осылайша Тайга атауы Байқоңырға айналып кеткен. Бұл оқиға Гагарин ұшқаннан кейін болған. 1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Жер серігінің атауы Спутник бір болды. Спутник бір диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болған және антеналар мен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып, жерді 1440 рет айналған.

Әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы қалай ұйымдастырылған?

Байқоңыр бұл көптеген құрылыстардан тұратын гиганттық кешен, біртұтас қала. Байқоңырдың ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Оның аумағындағы көлік жолдарының ұзындығы 1000, ал теміржолдың ұзындығы шамамен 500 шақырым. Байқоңырда зымыран тасығышатарға арналған 9 старттық кешен бар. Бүгінгі күні олардың ішіндегі ең танымалы Союз және Протон. Старттық кешендерден бөлек Байқоғырда көптеген монтажды сынаушы корпустар бар.

Әлемнің түкпір-түкпірінен Байқоңырға келіп шынайы ғарыш аппаратын өз көздерімен көргісі келетіндер өте көп. Бүгін де ғарыш айлағы Қазастан Республикасының меншігінде. Алайда оны Ресей 2050 жылға дейін жалға алған. Әрине әлемде үлкен, заманауи ғарыш айлақтары жетерлік. Алайда тек Байқоңырдан ғана орбитаға ғарыш станцияларының экипаждары ұшырылады. Байқоңыр осыдан жарты ғасыр бұрын салынса да әлі күнге дейін барша адамзаттың ғарышқа арналған ең негізгі есігі болып қала беруде.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...