0 дауыс
2.6k көрілді
Қазіргі демократиялық қоғамда алғаш қыз өз сезімін жігітке білдіргені дұрыс па?

16 жауап

0 дауыс
сондай қоғам болсада қызға сезімді бірінші білдірген ұяттау сияқты.
бірақ қазіргі кезде ондай пысық қыздар көп.
+2 дауыс
Дұрыс та шығар, себебі қазір батылсыз жігітерде жетерлік. Ондай да қыздың бірінші ерлік жасағаны жөн-ақ, алайда оның арты қайырлы боларына кепілдік бере алмас едім.......
+1 дауыс
Менің ойымша мұнда тұрған еш қандай ұят жоқ секілді. Бастысы қыз бала оны ашықтан-ашық, ұлдын бетіне бас салып айтпасын. Тәртібін сақтап айтса, неге айтпасқа. Неге жігіт оны қыз жақсы көретінгі туралы білмеуі тиіс. Егер білетін болсаңыз, Мұхаммед с.а.с. -ғы бірінші болып сөз салған Хадиша р.а. анамыз еды. Ол өзінің туыстары арқылы Пайғамбарымызға деген сезімін білдірді. Ал Пайғамбарымыз с.а.с. болса оны қабыл етті.
Хадиша р.а деген жердегі р.а дегенді толық жаза саласынба, көп жерде көрем қысқартылып жазылғанын, бірақ қалай оқылатынын, қандай мағына беретінін түсінбеймін.
р.а. деген радиаллаху анха - деп оқылады, мағынасы Алла одан разы болсын дегенді білдіреді. Одан Алла разы болсын деп Пайғамбарды көрген, Онымен пікірі бір және ислам тарихына өзіндік үлес қосқан адамдарға айтылады.
+2 дауыс
Менің ойымша, егер өз сезімінің шынайы екеніне сенімді болса, білдіргені дұрыс. Себебі өз бақыты үшін неге күреспеске, неге сүйгеніне қол созбасқа? Егер ақылды әрекеттермен шешімдер қабылдап өз сезімін дәлелдеп жігіт жүрегін жаулай алса.
+5 дауыс
Егер қыз жігітке бұрын сөз айтса,ол бәрінен айрылады.Бірінші жігіт алдында еш беделі болмайды,екіншіден ондай қызды қандай сүмелек жігіт болса да силамайды,үшіншіден өзің мойнына асылған соң ол жігітке еш уақытта сөзіңді өткізе алмайсың.Бұның бәрі жанұя болу үшін ең керек критерилер.Осыны ұмытпау керек.
Келісем сізбен
Сіздің келтірген уәжіңізді барлығына атай алмайсыз. Ең біріншіден бұл адамның сана-сезіміне байланысты. Егер оның сана сезімі төмен болса, әрекеттері де соған сай болады. Мен өзім қыздың бірінші сөз білдіріп құрылған жанұяны білемін, қазіргі таңда олар үлгілі жанұя қатарына жатады десем жаңылмаспын.
Ондайлар да болуы мүмкін,Жасиқ,мен сенімен таласпаймын.Бірақ олар бірең-сараң ғана.Еркекке тиіп жатқан еркектер де бар,бірақ солай екен деп жалпы үрдіс болып кетсе несі жақсы дейсің.
+2 дауыс
Турасынан айтпай, жанама түрде білдіруге болады ғой. Тура бетіне айтсаң, сен жеңілтек атанасың.
+1 дауыс
жоғарыда бәрі атап өтіті.Менде көп созбайын.Өз өзіңді жаттай сыйла,жат жанынан түңілсін дейдіғой,өзіңізді сыйласаңыз,ондай қадамға бармаңыз.Бұл қателік кейін кесірін тигізе береді.
мен сенің түсініктеріңе риза боламын.
рахмет...Жако ағай....
+1 дауыс
Қыз бірінші боп блдирсе не болад екен кыз болмай каламане алде биринши билдирсе жигит боп кетема?
қызбен жигиттин арасында адилет деген жок. биринши сезимин билдиретин ким - жигит.
кездесуге шакыртан ким - тагыда жигит.
движение биринши боп жасайтын ким тагыда жигит кыз ози бастаса болмайма кызбен жигиттин арасында әділет деген жок.
бала табатын ким........о мине осы жерде гана адилет бар
Ой,әділетшіл - ой,баланы табатын қыздар болса тапқызатын ұлдар емес пе,бұл Алланың бөліп берген еншісі.Жоқ әлде онымен де таласып,баланы өзің тапқың келе ме?
жогей кызбен таласканымыз уят  болар тек бул азил болатын
+1 дауыс
Jako ағамызбен келісем. Ал өз ойымды жеткізсем қыздың сезімін бірінші білдіру оқиғасы мен жігіттің білдіруін елестетіп көрсек қалай болады менің көз алдыма онда дөрекілеу көрініс яғни романтикасыз жақсы болсада жалаң сөздер елестейді мысалы қыз сезімін білдірді бірақ гүл немесе басқа ештеңе сыйлай алмайды мейлі сыламасын сезімін білдіргенде жігіттің қуанбайтыны анық, не ойлайтыны белгісіз сондықтан мен романтик жігіттер атынан жоқ дегім келеді.
0 дауыс
егер, шынымен сезіміңді білдіру аса қажет болса, оған тікелей «мен сені жақсы көремін, сүйемін, сенсіз өмір сүре алмаймын» деп айту орнына, жан сырыңды өзіңнің ерекше ықыласыңмен, көзқарасыңмен де білдіруге, сездіруге әбден болады
Қатерлі шақ жастықта біліне ме,
Сақтық қажет албырттық гүліне де
Қыз баланың жігітке сүйем деуі
Жараспайды ғасырдың біріне де.

Тегін бақыт уақыттан алынбайды
Сүйемін деп қыз бала жалынбайды.
Өзгермейді жүрегі жігіттердің,
ЭВМ–ға махаббат бағынбайды.

Қыз үлесі қашан да болу ана,
Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа.
«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер
Өзі сүю қыздардың соры ғана!
0 дауыс
Айып етпе қыз сүйсе,
Олда иесі үміттің
Қыздарда да жүрек бар
Жүрегіндей жігіттің!
0 дауыс
jalpi kiz balaga sezim bildirse kop jigitter karsi jane jaktirmaidi!bastap kiz soz bermeui tis birak degenmen jaimenkasndagi arlasatn adamina aitp TIGIZIP degen siakti sirttai aitsa jigit kizdi unatsa keled dep oilaim
0 дауыс
jalpi kiz balaga sezim bildirse kop jigitter karsi jane jaktirmaidi!bastap kiz soz bermeui tis birak degenmen jaimenkasndagi arlasatn adamina aitp TIGIZIP degen siakti sirttai aitsa jigit kizdi unatsa keled dep oilaim:o
0 дауыс
jalpi kiz bala sezim bildirse kop jigitter karsi jane jaktirmaidi!bastap kiz soz bermeui tis birak degenmen jaimenkasndagi arlasatn adamina aitp TIGIZIP degen siakti sirttai aitsa jigit kizdi unatsa keled dep oilaim:o
0 дауыс
Менің ойымша, қыздың жігітке бірінші боп сезімін білдіруі дұрыс емес. Өйткені бұл біртүрлі ұят сияқты. Қыз  асығыстық танытпағаны жөн. Жігіт бірінші боп қызға сезімін өзі білдіруі керек.
...