егер, шынымен сезіміңді білдіру аса қажет болса, оған тікелей «мен сені жақсы көремін, сүйемін, сенсіз өмір сүре алмаймын» деп айту орнына, жан сырыңды өзіңнің ерекше ықыласыңмен, көзқарасыңмен де білдіруге, сездіруге әбден болады
Қатерлі шақ жастықта біліне ме,
Сақтық қажет албырттық гүліне де
Қыз баланың жігітке сүйем деуі
Жараспайды ғасырдың біріне де.
Тегін бақыт уақыттан алынбайды
Сүйемін деп қыз бала жалынбайды.
Өзгермейді жүрегі жігіттердің,
ЭВМ–ға махаббат бағынбайды.
Қыз үлесі қашан да болу ана,
Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа.
«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер
Өзі сүю қыздардың соры ғана!