+1 дауыс
891 көрілді
Компьютер қатып қалады. Кейде кәдімгідей қосылып,істеп тұрып,көк экранда жазулар шығып тұрады. Не істесе болады? Қалай жөндеймін?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер сіз айтып отырған көк экран мына төмендегі суреттегі сияқты болса онда мәселе қатқыл дискте (винчестер, хард диск). Мұндай экрандар қатқыл дискте кенеттен ақаулар пайда болып, кенеттен қажетті файлдар ашылмай қалған кезде пайда болады. Бұл экрандар BSOD (Black screen of death) деп аталады.

Қатқыл дисктегі қажетті құжаттарыңызды басқа сақтау құрылғыларына көшіріп алып, дискті пішімдеп (форматировать) операциялық жүйені қайта орнатсаңыз BSOD-тан құтыласыз.

+1 дауыс
Тура менікі сияқты екен ғой. Менікі де сөйткен, біреуі вирус кіргеннен болады. Біреуі ішіндегі прогаммалардың бұызуынан,не жетіспегеннен болады. Бір күні мүлде өшіп қалу мүмкін. Документтеріңізді сақтай жүріңіз. Менікі түгел өшіп жаңа программа қойдым.
0 дауыс
Көк экран (синий экран смерти деп атайды программистер) шығып кетуінің себептері көп. Ең негізгі себеп - вирустердің кіруінен немесе реестрдің зақымдануынан операциялық жүйе бұзылған. Операциялық жүйені қайта орнату (переустановка жасау) керек.

Немесе компьютерге перезагрузка беріп, безопасный режиммен кіріп, "Восстановление системы" службасынан алдыңғы датадағы сақталған состояниеге келтіріп қою қажет.
0 дауыс
Көк экранның шығу себептері көп. Оған вирустың да, комп құрылғыларының істен шығуы(озу, қатқыл диск, видеокарта т.б.), операциялық жүйедегі қателіктер т.б. жатады. Көк экранда шығатын жазулар қандай қателік болып тұрғанын жазып тұр.
0 дауыс
Сіздің операциялық жүйеңіз зақымданған.Арнайы компьютер өңдейтін жерге апарып көріңіз.
...