0 дауыс
4.3k көрілді
Балықтар туралы биологиядан дайын реферат керек? Оны қайдан жүктеп алсам болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Балықтар туралы реферат

Опубликовано 12.11.2011 | Автор: admin
[Химчистка ковров в Алматы]

Балықтар туралы реферат.
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.

Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші — шеміршекті балықтар; екінші — сүйекті балықтар.
1-топ. Шеміршекті балықтар (Сһоndгісһtуеs)
Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балық-тардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі.Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер (еІаsmоЪгапсһіі) және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер (һоіосерһаіі).
1-класс тармағы. ТАҚТА ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР (ЕLАSМОВRАNСҺll)
Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (sе- Іасһоideі) және скаттар (Ьаtоideі).
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау түрінде орналасқан.
Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.
Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады. Еркектерінің құрсагындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.
Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен катар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.
Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласы-нан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шемір-шекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртканың бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады.
Бас сүйегінін, алдыңры бөліміяен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады.
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға ті-реу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанатгарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді. Көрсетілген дөңестің үстіңгі бөлімін — жауырын, астыңғысын — каракоид деп атайды.
Алдыңғы қос қанатының скелеті үш бөлімнен тұрады. Қана-тының түбінде үш шеміршек болады. Оның иық белдеуіне бекитін бөлімін — базалилар деп атайды. Базалилардың екінші ұшына шыбық тәрізді шеміршек радиалиялар бірнеше қатар болып орналасады. Радиалияларға ұзын және жіңішке, серпілімді тері тектес бір-біріне бірігіп жатқан жіпшелер тіркеседі.
Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шемір-шектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады.
Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.
Асқорыту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңы-лауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалқасады. Жұтқыншаққа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақ-пақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.
Тыныс органдары. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.
Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға — артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.
Артериялық конустан құрсақ қолқасы басталады Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға кетеді.
Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артерияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші артериялар деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады,
Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың біраз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады.
Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.
Зәр шығару органының қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады. Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс қуысына келіп құйылады. Бүйректердің артқы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есептеледі.
көп рахмет!!!                                                 .
ОКАСЫ ЖОК))
Белгісіз
0 дауыс

Балықтын. 

image

Түры

...