0 дауыс
369 көрілді
Мен құрбым деп жүрген бір қыз еді. Ол қыздың іс-əрекетін түк түсіне алмадым. Мысалы: мен бір жоспар құрып соны айтсам, ол мен де соны істеймін деп жағаласып шыға келеді. Өзі туралы айтып отырады. Содан мен де өзімнің мақсаттарым туралы немесе мінезім туралы айтсам, жаңағы өзі туралы айтқан əңгіменің бəрін теріске шығарып менің мақсатыма ортақтасып шыға келеді. Отбасын ойлайтын қыз болып, əрқашан олардың жанында болып, солар үшін жұмыс істейтінін айтады да, мен шетелге шығуға əрекет жасаймын десем, мен де шетелге шығамын деп шыға келеді. Тағы да осы сияқты əңгімелері көп. Кейде əдейі сол қызды тексерейін деп бір нəрсе айтсам қармағыма ілінеді де қалады. Содан ойнап айтам менің одан ойым жоқ десем ол да күліп мен де ойнап жатырмын дейді. Мінез туралы айтсақ та солай істейді. Мысалы мен кішкентай кезімде бұзық болғам деп айтып отырса, мен кішкентай кезімде момын болғам деп айтам. Содан соң ол мен кішкентай кезімде үндемей жүретінмін деп шыға келеді. Тағы таңқаларлығы мен бір жігітті жай ұнап жүр деп айта салсам, ертесіне ол ана жігіт мені көрсе мəз болып қалады дейді. Басында шынымен сеніп ұнатуымды тоқтата салатынмын. Кейін бір жағдай бірнеше рет қайталанатына сенбейтін болдым. Өзім кейде көзқарасын қарасам ол қызда жігіттің шаруасы жоқ. Қыз өзі бəрін ойынан құрастырып алады екен. Содан соң ба оған мүлде сенбеймін. Əр əрекеті, əр сөзі өтіріктен құралғандай көрінеді. Жəне мен бір жерді шалыс бассам соны пайдалануға дайын тұрады. Қуанышыма ортақтасқандай болады, бірақ ішінде от лапылдап жанып жатқанын білдіртіп қояды. Сонда оған бұл əрекеттерден не пайда? Кім ұтады? Кім ұтылады? Мен не істеуім керек? Қазір көңіліме алмай жүре берейін десем болар емес.
мынауын таза алжыған кемпір екенғой,Менің бір таныс апа бар,ол да сондай әжем бір нәрсе айтса ана апа қарсы айтады,өтірікті соға береді,күліп аламыз

2 жауап

0 дауыс
Амал дос болуы мүмкін) ал адал дос әңгімеңізді тыңдап,соңында пікірін қосуы,өз әңгімесін де айтуы мүмкін және сіз ұнататын жігіт жайлы мені көрсе қуанып қалады деп айтпас еді) Ақырындап ойланып,нақты шешім шығарыңыз.
0 дауыс
Менің досым дәл осындай Аяғыңа оратылып шыға келеді.Және оны досым деймін-ау.Мен мысалыға журналистика мамандығын таңдаймын десем ол оз арманын ысырып қойып, мен де журналист болам деп шыға келеді және тағы баска сол сиякты Кыскасы менімен жарысы бар ма тусинбедім.Ойынан бир нәрселерді құрастырып алад
Тура солай менікі де. Əйтеуір менен озып кету керектің ісін жасайды
...