0 дауыс
489 көрілді
Мен адамдармен араласып соңында сатқындықтарын көп көрдім. Соның нəтижесі ма, əлде тағы басқа жағдай əсер етті ма белгісіз, жанымдағыларға сенуден қалдым. Бұрын барынша көмектесуге тырысатынмын, қазір мүлде басқаша. Маған ол адамдар қиналып жүргенде аяушылық танытып қараса да, көмектескісі келген ниет танытса да сене алмаймын. Барлық адамға емес белгілі бір адамдар бар, солай іс əрекетімен сендіре алмайтын. Бұл ойлар мені қатты қорқытады. Сөйлеу интонациясына қарасам бəрі жалған сияқты. Олар шынында да өтірік жасай ма, тек маған солай көріне ма беймəлім. Енді сұрақ бұл ойдан қалай құтылсам болады? Жəне бұл ойлар не себепті келеді? Сізде осындай жағдайлар бола ма?

1 жауап

0 дауыс
Сен өзің айтқандай көп адамдардың алдауына түскен сияқтысың. Қазіргі нарық заманында біз "адам құндылығы", "адамгершілік","аяушылық", деген ұғымдардан алыстаңқырап кеттік. "Заманың түлкі болса, тазы болып шал" деген ұғым қалыптасты. Бұндай ұғым көп факторларға байланысты. Негізі біз "адам адамға дос, бауыр" деген моральдық тұжырымнан айрылып қалдық, Я, өмірде жағымпаз адамдар кездеседі, олар сол көзге түсетін кейбір қылықтарымен "пайда тапсам"деп ойлайды, саған жанашырлық көрсеткен сияқты болғанмен, өз қамын ойлаумен болады. Дегенмен, әрқашанда, олай бола бермейді, жақсы адамдар да көп. Өмірге пессимистік көзқараспен қарама, оптимисттік тұжырыммен қара!
...