Өз ойын ашық жеткізуге дағдылану үшін не істеуге болады?

0 дауыс
9.8k қаралым
Мен сабақ айтқанда өз ойымды ашық жеткізе алмай қиналамын. Қанша біліп тұрсам да мұғалімнің алдына барып не айтарымды білмей қиналып қаламын. Кейде біліп тұрсам да не айтарымды білмей қаламын. Жанымда адамдармен қарым-қатынас орнатқанда да солай. Не істеуге болады?
• Санаты: Қазақ тілі | 9.8k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Өз ойыңды жазып ортаға жеткізіп отырғаның, сенің мүмкіншілігің бар екендігін көрсетеді. Мұғаліміңді дос сана, "досыммен әңгімелесіп отырмын, еркін сөйлесуім керек" деген алдыңа міндет қой. Оқытушың білікті маман болса, "айтқаның дұрыс емес" деп айтпауы керек. "Қане, балалар, сендердің пікірлерің қандай?"деп достарың арқылы түзетуі керек. Әр адамның пікірімен санаса білу керек, "сенің айтқаның дұрыста шығар, дегенмен мынаған не айтасың?"деп өз ойыңды айтып үйрен. Айнаның алдында тұрып жаттығуыңа болады.
0 дауыс
Әдебиетті көп оқу керек.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,824 жауап
153,169 пікір
72,934 қолданушы