0 дауыс
13.0k көрілді
"Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарында қандай мағына жатыр?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). “Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады
0 дауыс
Білмедім бірінші рет естіп тұрмын.
Білмесең неге пікірге жазбайсың
0 дауыс
Қырықтың бірі қызыр деген, егер сіз қонақ шақырып, немесе туған күн анау-мынау болғанда жақсы тілектер айтады ғой, сол кезде қырықтың бірі қызыр айтқандарыңыз келсін дейді. Яғни тілектер қабыл болсын деген мақсатта айтылған.
0 дауыс
Қырықтың бірі қырық дегенді әркім әрқалай түсінеді,ал бұл менің ойымша қазақ халқының қонақжайлылығына байланысты. Қасиетті қырык күннің бірінде Қыдыр деген кісі барлық ауылды аралап, кез келген үйге қонақ болып келіп кетеді. Сол күнде күн батуы мен шығуы өте ерекше болады,Күн қызарып батады. Сол кісіні халық "Қыдыр ата",-деп атап кеткен.
Бәрі осы күні ұйықтамай Қыдыр атаны күтеді,осы күні әйелдер "жеті шелпек" пісіріп, Қыдыр атаға дәм қалдырады.
Бұны бар қазақ білу қажет. бұнымен қазақ халқының қонақжайлығын, достығын білуге болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
5 жауап
...