+1 дауыс
1.9k көрілді

Бұрындары сотқа шақыртқанда "повестка" деген жазуы бар бір жапырақ қағаз келетін. Ал, қазір көбіне банкте қарызы бар жандарға сотқа шақырту туралы хабарламалар (смс) кеп жатады. Осындай сотқа шақырту түрлеріне қаншалықты сенуге болады? 

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сот процессіне, ішкі істер бөліміне, әскери комиссариатқа міндетті түрде Шақыру қағаз (повестка) арқылы, қол қойдырып шақырады. СМСпен шақырған заңсыз.
+2 дауыс

Бүгінгі таңда тараптарды жедел хабарлау және сотқа шақыру үшін ұялы байланыс арқылы жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің абоненттік номеріне қысқаша хабарлама жолданады. Бұл жүйе республика соттарында жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін кеңінен қолданылуда.

 

Сонымен қатар, бұл сотқа шақыру қағазын ғаламтор арқылы шығарып, қажеттілік туындағанда басшыларға көрсету жағдайы көзделген.

Ол үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) хабарламаның қысқаша мәтінін «Сотқа шақыру қағазы» деген жүйеде оны көру және шығару мүмкіндіктері қарастырылған.

Электронды сотқа шақыру қағазын көру және шығару үшін ұялы телефонының нөмірін және оған түскен SMS-хабарламаның мәтінде көрсетілген кодты енгізу қажет. Осының нәтижесінде пайдаланушының компьютеріне PDF форматта электронды сотқа шақыру қағазы пайда болып, оны сақтау немесе қағаз түрінде шығаруға мүмкіндік жасалды.

Электронды сотқа шақыру қағазының мәтінінде сотқа шақырылушының АТӘ немесе заңды тұлғаның атауы, абоненттің ұялы телефон номері, жолданған күні, сот отырысының уақыты мен орны көрсетіледі.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-ІІ Заңына сай, аталған электрондық сотқа шақыру қағазы ресми құжат және қағаз жүзіндегі құжатқа тең болып табылады.

+1 дауыс
СМС-пен шақырсаң қазір кім келер дейсің? СМС-ты қабылдамаудың мың сылтауы бар ғой.
+1 дауыс
Сотқа шақырудың бірден бір түрі смс хабарлама арқылы шақыру болып табылады, келген смске толық қанды сенуге болады. Келген смстің ерекшілігі ол арнайы байланыс номерлерімен келеді.Жəнеде келген смстің мəтініңде байланыс телефоны, жіберушінің аты жөні жəнеде басқа іске қатысты мəн жайлар көрсетіледі.Егер сізге сондай смс келіп оған сенбесеңіз жай ғана шақырушы соттың байланыс телефонына соғып анық-қанығын білсеңіз боладығо. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат көзіне сүйенетін болсақ барлығыда электрондық жүйеге көшіріледі деліңген. Сол себепті барлығыда электронды түрде жүзеге асырылады.
...