Бүгінгі таңда тараптарды жедел хабарлау және сотқа шақыру үшін ұялы байланыс арқылы жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің абоненттік номеріне қысқаша хабарлама жолданады. Бұл жүйе республика соттарында жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін кеңінен қолданылуда.
Сонымен қатар, бұл сотқа шақыру қағазын ғаламтор арқылы шығарып, қажеттілік туындағанда басшыларға көрсету жағдайы көзделген.
Ол үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) хабарламаның қысқаша мәтінін «Сотқа шақыру қағазы» деген жүйеде оны көру және шығару мүмкіндіктері қарастырылған.
Электронды сотқа шақыру қағазын көру және шығару үшін ұялы телефонының нөмірін және оған түскен SMS-хабарламаның мәтінде көрсетілген кодты енгізу қажет. Осының нәтижесінде пайдаланушының компьютеріне PDF форматта электронды сотқа шақыру қағазы пайда болып, оны сақтау немесе қағаз түрінде шығаруға мүмкіндік жасалды.
Электронды сотқа шақыру қағазының мәтінінде сотқа шақырылушының АТӘ немесе заңды тұлғаның атауы, абоненттің ұялы телефон номері, жолданған күні, сот отырысының уақыты мен орны көрсетіледі.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-ІІ Заңына сай, аталған электрондық сотқа шақыру қағазы ресми құжат және қағаз жүзіндегі құжатқа тең болып табылады.