5 парызды атап өтиік?

0 дауыс
1.1k қаралым
5 парызды атап өтиік?
• Санаты: Қызық сұрақтар Белгісіз
Бұл сұрақтың неге санатын қызық сұрақтарға ауыстырды түсiнбедiм. Несi қызық...

1 жауап

0 дауыс
Бес парыз
Ол-Ислам дінінің негізгі қағидалары. Олар мынандай:
1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).
2. Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу.
3. Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы- ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.
4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
5. Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.
Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,782 сұрақ
322,357 жауап
153,150 пікір
72,820 қолданушы