+1 дауыс
7.1k көрілді
“Алаш” сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды?

Оны кім бірінші болып пайдаланды?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Толық жауап болады деп ойлаймын.

Сілтемедегі мәлімет:

"" Алаш атауы

Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты.

"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы. ""

0 дауыс
9-10 ғасырларда
0 дауыс
“Алаш” сөзі шамамен 1Х-Х ғ  ғасырларда алғаш рет айтылды
0 дауыс
Алаш сөзі шамамен 9-10 ғасырларда қолданылды. 7-сыныпта жазылған.
0 дауыс
"Алаш" сөзінің, сонымен қатар "қазақ" сөзінің тарихы туралы нақты деректер жоқ.
0 дауыс
Абылайханның кезінде.
...