Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, Германия, Бельгия, Дания,Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән.