+1 дауыс
30.4k көрілді
Укол салғаннан қалған түйнекті қалай кетіруге болады?

4 жауап

+1 дауыс
Иодпен сеткалап тұрыңыз,  магния сульфат (магнезия) деген  бар аптекада,  соның бір данасын  мақтаға құйып , сыртынан таза кленкамен жапсырып қоятын еді әжем укол салдырып  жамбасы түйін болып қалғанында. 5 жасар сіңліме  уколдан түйін  түскенде  Траумель  деген мазь жазып беріп еді дәрігері , қазір есіме түсіп отыр.
+1 дауыс
Қолы қатты адам бсалғанда сөйтіп қатып қалады. Көркем айтқандай йодпен шақпақтап тұру керек. Кейін өзі кетіп қалады.
+1 дауыс
Инъекцияны дұрыс салмағаннан да болады, май қабатына емес, бұлшық етке салу керек түйін қалмас үшін. Сосын майлы препараттарды жылытып, жедел салмаса да түйін болып қалады. Орыстар капуста жапыраған қойып та кетіріп жатады, вишневский, левомиколь жағып бетіне кленка қойып та. Ол ұзақ уақыттан бері тұрған түйін болса кетіруі қиын, ал көп уақыт өтпесе жылы грелкалар, парафин қойып кетіруге болады. парафин терлетеді, содан кейін уқалап біртіндеп тарқатасын.
0 дауыс
3 Жас 5 ай ұлымның жасбасына тамыз айының басында укол алғанбыз екі жамбас түйін болып қалды, иод сетка жасадым кетпеді
...