0 дауыс
2.0k көрілді
Жошы меркіттердің баласы ма? Оның атын неге "Жошы" қойған?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шыңғыс пен Бөрте 1178 жылы жаз айында отау құрған. Бұл дерек моңғол тарихшысы Саган Сэцэннің 1663 жылы жазылған «Эрденийн Эрх» еңбегінде кездеседі. Ал дәл сол жылдың сегізінші айында Бөрте меркіттердің қолына түсіп қалады. Яғни бұл оқиға екеуі шаңырақ көтерген соң шамамен бір айдан кейін болған. Онда Бөрте меркіт Чилгэр палуанның әмең­герлігінде болады. Меркіттердің Бөртені осылайша әмеңгерлікке алуына ертеректегі кек себеп болса керек. Баяғыда Шыңғыс ханның әкесі Есукей батыр меркіттің рубасы Их Чилэтуден қалыңдығы – Өгөлен Ужинді ұзатылап бара жатқан жолында тартып алған. Шыңғыс ханның үйленгенін естіген меркіттер осы ескі өшті қайтару үшін Бөртені алып кетеді. Шыңғыс хан ол кезде жас әрі әлсіз болғандықтан, әйеліне араша түсе алмаған. Бөрте меркіттердің қолынан 1179 жылдың 10-айында бірақ босаған. Оны Шыңғыс хан, Уаң хан және Жамуха үшеуі бірігіп Бұғыр Кегер шайқасында азат етеді. Байқасаңыз, осы аралықта 10 айдан астам уақыт өтіп кеткен. Бөрте Жошыны сол жол­дан қайтып келе жатқанда туған. Содан ол нәрестеге Зочин яғни «сырттан келген қонақ» деген есімді берген. Сол себепті ғылыми тұрғыда Жошының меркітпен байланысы жоқ деп айта алмаймыз. Ол меркіттің ұлы болуы да мүмкін.

+1 дауыс
Жошы меркіттердің баласы деген мәліметтің нақты сілетемесі барма? Себебі тура осылай Шыңғысханның көзінше айтқанда, аузыңды жап деген. Соған қарағанда ол Шыңғысханның таза өз баласы. Сізге бәрібір сол телехикаяны көруге кеңес беремін(Шыңғыс хан) соңғы бөлімдерін.
Бір тарихшы ағай айтқан болатын. Бөртені Шыңғыс ханның әлсіздеу кезінде меркіттің бір батыры жекпе-жекте жеңіп алып кетіпті. Кейіннен Шыңғыс хан күш жинап, қорлыққа шыдамай, әлгі меркітті өлтіріп, ұрыспен әйелін қайта алып келіпті. Бірақ Бөрте жат қолында 7-8 айдай болған екен. Шыңғыс хан елге әкелгенде екіқабат болған екен. Шыңғысханнан ба, әлде меркіттен бе, белгісіз. Бірақ негізінде бала күлге аунап тумайды, бала меркіттен дегенге саяды.
Ол меркіт алмай тұрып, Шәкеңе үйленеді Бөрте. Сосын ол да әрекет жасаған шығар Шәкең. Сосын барып меркіттер алып кеткен.
Меркіттер де сувенир қып әкеліп қоймаған шығар. Олар да әрекет жасап үлгерген болар?
АЛ Шәкең одан бұрын жасап қойғанғой.
Ойпырмай, әйтеуір көрпе астындағыны көріп қойғандай сөйлейсің ғой )))
Оны қайдан оқыдың, қайда бар, көрсетсей, біз де көрейік :))
+1 дауыс

Жошы хан (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. 

Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған.

Тарихшылардың айтуы бойынша Жошы сөзінің төркіні маңғолша Зочин қазақша Қонақ деген мағана береді екен, яғни меркіттердің баласы екенін біліп Шынғыс қан оған Қонақ деп ат қойған!

Сонда Жошының меркіттердің баласы екенін Шыңғыс хан да білген ғой?
+1 дауыс
Шыңғыс хан киносында солай көрсеткен
+1 дауыс

Жошы хан (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады

Толық оқи аласын....

...