Бір тарихшы ағай айтқан болатын. Бөртені Шыңғыс ханның әлсіздеу кезінде меркіттің бір батыры жекпе-жекте жеңіп алып кетіпті. Кейіннен Шыңғыс хан күш жинап, қорлыққа шыдамай, әлгі меркітті өлтіріп, ұрыспен әйелін қайта алып келіпті. Бірақ Бөрте жат қолында 7-8 айдай болған екен. Шыңғыс хан елге әкелгенде екіқабат болған екен. Шыңғысханнан ба, әлде меркіттен бе, белгісіз. Бірақ негізінде бала күлге аунап тумайды, бала меркіттен дегенге саяды.