+1 дауыс
1.9k көрілді
Біз қайдан келдік? Біз не істеп жатырмыз? Біз қайда барамыз? Өмірдің мәнін түсіне алдыңдарма?  Ішіп жеп, тойлап, жұмыс істеп өліп қаламыз. Ары қарай? Туылмай тұрып қайда едік? Не істеп жатырмыз? Дұрыспа осы істер? Өмірде жолыңды таптыңба? Өзіңді түсінесіңба? Өзіңді дұрыс санайсыңба? Неге? Неге жиіркенішті кейіпке еніп барамыз? Бос жүріс, бос әңгіме, бос үміт... Не қалайсың? Нені армандайсың? Өміріңе қанағаттанасыңба? Неге именно қазақ боп тудың? Қазақша білесің. Мені түсініп отырсың. Марста болсаңда осыны ашсаң оқисың. Бұлар кездейсоқтықпа? Өзіңе жауап бере аласыңба? Құдайды іздеп көрдіңбе? Ол саған көмектесетін шығар?

6 жауап

+1 дауыс
20 Сұрағыңызға толықтай жауабын айта аламын. сонғысымен тоқталайын. Құдайды іздеп көрдіңбе? Ол саған көмектесетін шығар? Иа, іздедім .... Таптым , Алла ! мені ерекше етып жаратқанын және Онын қамқорлығында екенімді енді түсіндім.
Нұрлы соңғы сұраққа тоқталса,мен Өміріңе қанағаттанасың ба? деген сұраққа тоқталайын)) Қанағаттанымын. Осы өміріме ризамын.  Аллаға шүкір!
0 дауыс

"Көңілімде мың бір сұрақ" дейсің ғой. Негізі сен көп ойланасың-ау дим. Артық ой да шаршатады, шашың ағарып кетеді, сондықтан "артық ойдың" да қажеті жоқ :))

Біз ана құрсағынан келдік. Туылмай тұрып ана құрсағында болдық. 

Біз тіршілігімізді істеп жатырмыз. "Тірі адам тіршілігін жасайды."

Біз ақиретке барамыз. Тәңір біздің жәннатқа немесе дозаққа лайық екенімізді шешетін сотқа барамыз.

Кешір, қалған сұрақтарыңның мәні жоқ секілді...

0 дауыс
Өмірде өз орнымды табу үстіндемін.
0 дауыс
Сұрақтарыңа жауап сенің мінез-құлқыңа байланысты, пессимистсің бе, оптимиссің бе? Әуелі өзіңді өзің таны! Сонда өз сұрағыңа өзің жауап бересің. Бірінші жаратқанды, екінші жарық дүниеге әкелген анаңды ұмытпа!
0 дауыс
Ең бастысы көп ойланбау керек сияқты. Ең бастысы тірлігіңді істеу керек, оқуың болса оқуыңды оқы, жұмыс істе.

Ойлай ойлай ой түбіне жетпейсің.

Біз адам болып туылдық. Әр кәллада бір қиял дегендей әрқайсысымыз бір нәрсені армандап, мақсат қойып соған ұмтыламыз. Тек ұмтылысымыз әр түрлі. Өмірдің мәні негізі әр жаста әр түрлі болады. Мысалы балалық шағыңда өмірдің мәні басқа болуы мүмкін. Есейгенде өміріміздің мәні өзгереді. Өмірдің мәні меніңше жігіт адам үшін жақсы қызмет істеу, өмірден өз орыныңды табу, ата-анаңа көмектесу, үйленуге, жұп болуға тырысу.

Өзімді кейде түсінбеймін, ойлаған ойларыма қарама-қайшы тірліктер істеймін кейде. Өмірден өз жолымды іздеудемін.

Кім жиіркенішті күйге еніп жатыр? Нақтысын айтсаң?
Қалайтыным көп. Ең бастысы сатылап сатылап жүзеге асырамын деген ойдамын. Бәрі өзіме байланысты.

Өміріме шүкір деймін. Тіпті аяқ-қолы самаурын болып қалған Ник Вуйчич те өміріне қанағаттанады, оның жанында тәуба ғой біздікі.

Мен туарда ұлтты таңдап тумаймын ғой , қызықсың. Сол, қазақ болып дүниеге келуге тиісті болдым, сол. Ол маған байланысты емес.

Жоқ, кездейсоқ емес шығар. Бірақ, бұған бас  қатырып ойланудың керегі не.

Құдайға мекен тағайындауға болмайды.

Құдай негізі жігерлі, күшті адамдарды ұнатады. Сен алға жылжысаң Құдай тағала да көмек береді. Сондықтан біздің алға жылжуымыз өзімізге байланысты.
+1 дауыс
Адам өзінің туылғанға дейін қайда болғанын , кім болғанын , не істегенін білмейді. Ал өмірге келгеніміздің өзі үлкен бақыт. Мен өмірге келдім , қазір өмір сүріп жатырмын. Аллаға шүкір , денім сау,  анам жанымда, туыстарым аман, достарым бар,  бейбіт елде өмір сүріп жатырмын , аспаным ашық.  Өмірден түңілетіндей себеп жоқ... Ия, әрқашан барлығы керемет , өзім ойлағандай бола бермейді,   бірақ өмірде ақ пен қараның қатар жүретінін ескеру қажет.  15 жаста болғандықтан  өмірді әлі көрмеген де шығармын... Сонда да кез-келген қиындықты  шешуге  болады деп ойлаймын. Өміріме ризамын , дұрыс өмір сүріп жатырмын деген ойдамын. Мен үшін өмір  жиеркенішті емес. Адамдар да жиеркенішті емес.  Негізі "адам " деп отырғаным бірдей  емес, әр түрлі... Осылардың арасында жақсының бар екенін ұмытпаңыздар. Әр  адам үшін "жақсы " деген әртүрлі болады. Мен үшін адамдардың көпшілігі жақсы.Адамдар да жиеркенішті күйге еніп жатқан жоқ. Әрбір тұлға өзінше өмірін жақсартуға тырысып жатыр. Менің де амандарым көп ... Сол армандарымды жүзеге асыру үшін алға қойған мақсаттарым да бар. Бірте-бірте оларға қол жеткізіп  келемін. Өзіме, жақындарыма, достарыма және ,ең әуелі, Аллаға рахмет. Ия , маған қолдау көрсететін   Алланың барына сенемін.  Құдайға мекен тағайындамайды , бірақ бір айтатыным - менің жүрегімде оған деген сенім бар...
...