Адам өзінің туылғанға дейін қайда болғанын , кім болғанын , не істегенін білмейді. Ал өмірге келгеніміздің өзі үлкен бақыт. Мен өмірге келдім , қазір өмір сүріп жатырмын. Аллаға шүкір , денім сау, анам жанымда, туыстарым аман, достарым бар, бейбіт елде өмір сүріп жатырмын , аспаным ашық. Өмірден түңілетіндей себеп жоқ... Ия, әрқашан барлығы керемет , өзім ойлағандай бола бермейді, бірақ өмірде ақ пен қараның қатар жүретінін ескеру қажет. 15 жаста болғандықтан өмірді әлі көрмеген де шығармын... Сонда да кез-келген қиындықты шешуге болады деп ойлаймын. Өміріме ризамын , дұрыс өмір сүріп жатырмын деген ойдамын. Мен үшін өмір жиеркенішті емес. Адамдар да жиеркенішті емес. Негізі "адам " деп отырғаным бірдей емес, әр түрлі... Осылардың арасында жақсының бар екенін ұмытпаңыздар. Әр адам үшін "жақсы " деген әртүрлі болады. Мен үшін адамдардың көпшілігі жақсы.Адамдар да жиеркенішті күйге еніп жатқан жоқ. Әрбір тұлға өзінше өмірін жақсартуға тырысып жатыр. Менің де амандарым көп ... Сол армандарымды жүзеге асыру үшін алға қойған мақсаттарым да бар. Бірте-бірте оларға қол жеткізіп келемін. Өзіме, жақындарыма, достарыма және ,ең әуелі, Аллаға рахмет. Ия , маған қолдау көрсететін Алланың барына сенемін. Құдайға мекен тағайындамайды , бірақ бір айтатыным - менің жүрегімде оған деген сенім бар...