+1 дауыс

ЖЖ автоматты түрде таңдалатындай етуге болмай ма?

Кейбір сұрақтарды жалғыз, дұрыс, нақты жауаптар болады. Мысал ретінде мына сұрақты алайық. Сұрақ анық қойылған, анық жауап көрсетілген, тек ЖЖ таңдалмапты.

Ал мен Жақсы Жауап белгілеуді "қолданушы еңбегін бағалау" деп түсінемін. Неге осынша етілген еңбекті бағаламаймыз?

Сұрақ қоюшы сайтқа кіруді немесе ЖЖ басуды ұмытып кеткен, не болмаса сұрақ қараусың қалған болса ЖЖ-ты компьютер өзі таңдаса қалай болар екен?

Мен осындай сұрақтарды көп байқаймын. Егерде жауап шынымен лайық болып тұрса неге жауап  берушіге рахметімізді білдірмеске?

01.02.2015 810 қаралым

10 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Может, көп плюсталған жауап автоматты түрде ЖЖ болса 1 аптадан кейін.. бірақ, қажеті қанша оның))
01.02.2015
Қажеті көп қой. Пайдасы тиер еді.
Ол кезде жалған плюстер көбейіп кетеді.. кәзірдің өзінде баршылық.
+4 дауыс
Компьютер ЖЖ таңдайтындай ақылды емес.  Қайсысы ЖЖ ға лайық екенін адам ғана таңдайды. Көбіне жаңа тіркелгендер ЖЖ таңдауды білмейді. Сондықтан ЖЖ табылса модератор не админ таңдайды.
Ал менің сайтта көп отыра беруге уақытым аз. Өзің де білесің оқу дегендей.
01.02.2015
Модераторлардың көбісі таңдамайды не болмаса сайтта отырмайды.
+2 дауыс

Олай үйлеспейтін сияқты, мысалы жауабы жоқ сұраққа мен сияқты біреу қуып жауап жаза салады, оны да жақсы жауап деп белгілеп кетсе ыңғайсыз болады ғой, 

Одан да сондай жауаптарды бір қарап шығу керек, (айтпақшы жаңағы жауапты жақсы жауап деп белгіледім)

01.02.2015
Қуып жазса да ерінбей жазған еңбегі бар емес пе?
Ал егерде сол қуғынбай жауаптан соң тағы біреулер жауап жазса онда ЖЖ алынып тасталса.
+2 дауыс
Егер жауапқа 10-нан аса жоғары дауыс берілсе автоматты түрде ЖЖ таңдалынатындай етсе болады
01.02.2015
https://surak.baribar.kz/543084/%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BD-%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D1%8F%D0%B4%D0%B0-%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B1%D1%96-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA?show=543738#c543738 бағанағы сұрақ
+1 дауыс
Есептердің дұрыс шығарылғанын анықтап ЖЖ таңдайтын модератор көріп жүргенім жоқ)
01.02.2015
Мен модератор емеспін, ЖЖ таңдау мүмкіндігім жоқ.
+1 дауыс
Жақсы жауап таңдайтын бір адам сайлап қою керек сияқты. Себебі компьютер адам миына жетпейді ғой. Сол үшін сондай адам немесе сұрақ қойған адам ЖЖ басу міндет қылу керек сияқты(егер нақты жауап болса).
01.02.2015
+1 дауыс
Жақсы жауапты таңдау оңай емес, бұл жерде неше түрлi сұрақтар қойылады, оған әжептеуiр бiлiмдi, жан-жақты адам қажет. Былай алып қарасақ, сұрақ қоюшы жауаптарға қанағаттанбай жақсы жауап таңдамауы мүмкiн. Қысқасы қиын жағдай...
01.02.2015
+1 дауыс
Автоматты түрде ЖЖ басу мүмкін емес. Себеп: әр адам өз қалауынша таңдағысы келеді және автоматты түрде таңдауды өз басым қолдай алмаймын.
01.02.2015
+1 дауыс
Оны автоматты қылу мұмкін емес қылған күннің өзінде оны басқа мағынасыз жауаптар жж басылып кетуі мүкін
01.02.2015
+1 дауыс
Ол етуге болмайтын шығар. Сол сұрақтың дұрыс жауап екенін компьютер білмейді.Қазір менің қолым бос болмай жүр.Осы айдан бастап белсенді боламын.Көптеген сұрақтарға, жауаптарға ЖЖ басамын деп, кейбір қолданушылардан сөз естіп жатырмын.
02.02.2015
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы