+1 дауыс
Қарап отырсам, СЖ сайтының қолданушыларының кейбіреулері өз есімдерінің орнына злой, хирург, www123 немесе тіпті Чичарито) деп жазып қойыпты, пікір жазайын десең немесе бірнәрсе айтайын десең қалай атайтыныңды да білмейсің, қалай жазылып тұр солай атайсың. Тіпті, олардың есімдерін немесе қыз бала, ер бала ма екенін де білмейміз. Сіздерге , сіздерді солай атаған ұнайды ма?
01.02.2015 1.2k қаралым
хирург дабль дабль дабль қыз сияқты.Маған ұнайды себебі өз атым ұнамайды,көп аттардың бірі
Қарлығаш па есімің?
жоқ таппадың,атым онша мода да емес ескілеу
чичарито сенің атың кім екен
Айтқым келмейді)

11 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Меніңше қолданушылардың анкетасына ер немесе әйел адам екенін анықтайтын бөлім керек.    Ал әзірше жазған пікір, жауаптарына қарап бал ашасың амал жоқ).
01.02.2015
Мен де осы ұсынысты айтып көрдім. Бірақ жауапсыз қалды((
Кімге айттың?
Чичарито бағанағы ЖЖ алып сұрақты жабуыңызды өтінемін. Модераторлығың құтты болсын.
Рахмет. Соны жасайын деп жатқам)
Таба алар емеспін сілтеме керек..
Кері байланыс арқылы жаздым. Жəне сұрақ ретінде де басқа да ұсыныстармен қосып айтып көргенмін.
+2 дауыс
Құпия болған қызық сияқты, әрі ойыңды ашық жазасың, жаргондар, диалектер қосып))

Мен де құпия боп жүргем басында, қазір көбісі біліп қойды шынайы бейнемді)))

Мені танымайтандарға, өзім жайлы кішкене факт:
ер-жігітпін, есімім - Медет, тк - 09.09.1996.
01.02.2015
ал өз есімің тұрса, өз ойыңды жеткізе алмайсың ба?Енді сенің есімің Медет екенін білетін боламын)
Жеткізе алам ғо :)
0 дауыс
Менің  өз есімім жазылған СЖ-да.
01.02.2015
Білемін) мен барлығы деген жоқпын ғой
0 дауыс
Бұл нақты сұраққа, нақты жауап алатын сайт, жауап берушінің атының, жынысының қандай маңызы бар, нағыз білгіңіз келіп жатырса жеке хатқа жазып көріңіз
01.02.2015
ал менің сұрағым нақты сұрақ емес пе?!
+1 дауыс
Ешкімнен ештеңе жасырған емеспін, жасырарым жоқ.

Ал жұрттар көрінгісі келмесе, өздерін осында шын өмірдегі таныстары танып қоймаса екен дейтін шығар. Кейде өз есімдері бос емес болып шығады да, жаза алмай, ойдан басқа ник табуы қажет болады. Кейде ұялатындары болады, өздерін құпия ұстағысы, жұрт үшін жұмбақ (біреуге қымбат:) )  болғысы келетіндер де болады.

Жалпы Қазақстанда тіл бостандығы бар, кім қалай жазам десе де өз еркінде ғой, тек сайт ережесіне сай болса болғаны.  Есімін жасыру-жасырмауы - әркімнің өз еркі. Миллардер Microsoft Corporation-ның негізін қалаушы Билл Гейтс айтқан екен "интернетте жоқ адам бұл дүниеде жоқ адам" деп.
01.02.2015
Мен сұрақты біреуге тыйым салу мақсатымен қойған жоқпын, әркімнің өз еркі өзінде екенін мен жақсы білемін.Билл Гейтстің сөзінің бұл жерде қандай қатысы бар екенін білмедім, бірақ дұрыс айтылмаған екен.
сенің жауабын арыстанбек деген қолданушыңға ұқсайды екен,сол емессің ба
Жоқ. Ондай кісіні танымаймын.
0 дауыс
Атым - Даниал,2000 жылғымын.Туған күнiм сәуiрдiң 29-ы.
01.02.2015
Жақсы есім екен.
Рахмет Чаке!
0 дауыс
Мен өз атыммен отырамын. Ал қалғандарының өз себебі бар деп ойлаймын. Мысалы кластастары кіріп пікір оқуы мүмкін деген сияқты. Сондықтан ол әркімнің өз еркі.
01.02.2015
+1 дауыс
Атымды жасырғам келсе де бұрыннан келе жатқандар танып қоя береді) Биология сүйікті пәнім болған сон жаздым) Биология деп айтса ұнайды)
01.02.2015
11 әріппа есімің?
Жоқ 10 арiп)))
Тоқжан қыстырылма)
Қ емес ғ деп қанша айтам !
Ұмытып кете берем.
+1 дауыс
Мен атым түгілі, тегіме шейін жазып қойғанмын!
01.02.2015
0 дауыс
Адам осындай пікір-талас тудырады дегенге кім сенеді?!. Дүниеге келгенде ата-анаңның қойған есімі, сен таңдаған жоқсың ғой, ұялатын ештеңе жоқ сияқты. Ал псевдоним қолдану ол да өз еркің, құқығың бар .
02.02.2015
Біріншіден: мен ешқандай да пікір талас тудырайын деп сұрақ қойған жоқпын, екіншіден: біреуді құқығынан, еркінен айыратын мен емеспін, үшіншіден, менің де қандай сұрақ қойғым келеді сондай сұрақты қоюға құқығым бар!
0 дауыс
Қарағым! Біріншіден,  мен сіздің сұрағыңыздың жақсы пікірлер туғызғандығын айтқым келген, екіншіден өз құқығыңды білсең, ол да сауаттылығыңды көрсетеді. Артық айтқам болсам, мен-ақ кешірім сұрайын, айналайын!
02.02.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы