0 дауыс
2.6k көрілді

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазалы
Ел     ҚазақстанҚазақстан
Облысы     Қызылорда облысыҚызылорда
Ауданы     Қазалы ауданы
Координатасы     Координаттар: 45°46′00″ с. е. 62°07′00″ ш. б. / 45.766667° с. е. 62.116667° ш. б. (G) (O) (Я)45.766667, 62.11666745°46′00″ с. е. 62°07′00″ ш. б. / 45.766667° с. е. 62.116667° ш. б. (G) (O) (Я)
Ресми тілі     қазақ тілі
Тұрғыны     7 138[1] адам (2010)
Уақыт белдеуі     UTC+6
Автомобиль коды     N

Қазалы – Қазақстандағы қала. Қазалы ауданындағы қала (1867 жылдан). Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 км жерде Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 7,0 мың адам (2005). Кейбір деректер бойынша елді мекен аты «қаза» деп аталатын балық аулау жабдығы атынан шыққан болса, басқа деректер бойынша, мұнда әділ қазылығымен халыққа жаққан бір адамға байланысты «Қазы» атанып, кейін «Қазалы» болып өзгерген дейді. Ал енді бір аңызда, ертеде осы өлкеде шалқыған көл болған. Көл беті жүзген аққу мен қаздан көрінбейді екен. Осыған байланысты «Қаз елі» атанған дейді. 1853 жылы күзде мұнда Ресей әскері бекініс салды. 1867 жылы қала мәртебесін алғанша 1 Форт аталды. Арал флотының негізгі айлағы Қазалыда орналасты. Қалада базар, аурухана, мектеп ашылды. 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы Сырдария уезінің, 1958 жылға дейін Қазалы әкімшілік ауданының орталығы болды. Қаладағы бұрынғы аудандық ауыл шаруашылық техника бірлестігі, кірпіш зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т.б. кәсіпорындар 1995 жылдан кейін жекешелендіріліп, «Қазалыжөндеу» ЖШС, «Қазалымұнай» АҚ, «Қазалыастық» ЖШС, т.б. болып қайта құрылды. Қалада жалпы білім беретін 3 мектеп, 1 клуб, 1 балабақша, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы, 3 спортзал, 1 театр 1 аурухана, 1 мешіт, т.б. мекемелер бар (2003). Қалаға таяу Сырдария жағасында тұрғындар демалып, серуендейтін бақ егілген.
+3 дауыс
Қазалының іргесі 1853 жылы бекініс болып салынған. 1867 жылдан бастап қала атауына ие
Тауып бергенiне рахмет,Дуся
толығырақ Википедия қарарсын
0 дауыс
Бауырым бұл менің Қалам!!!  Білгің келетіндерің болса меннен сұрасаң болады!!
БҰЛ ҚАЛАДА МЕНДЕ ТҰРАМЫН
Белгісіз
Менің де!
...