+1 дауыс
570 көрілді
Ата-аналар да, оқушылар сияқты білім алу керек дегенге келісесіздер ме?

10 жауап

+1 дауыс
Істейтін шаруалары жоқ ата-аналар білім алса болады )
0 дауыс
Шаруасы басынан асып жатқандар да үйренуі керек заман келе жатқан сияқты. Мұғалім немеремнің күнделігіне үйде оқытыңыз деп жазып жіберіпті. Біз онсызда білгенімізді оқытып жатамыз, ал мән-мағанадан жұрдай далбасаларды бала түгілі өзімізде түсінбейміз. Оны мүғалім түсінбейді, егер бар сабағын біліп тұрып үйде оқытсам нем бар басқа жұмыста, мектепке барып мүғалім болмаймын ба деп ойлап қоямын.
0 дауыс
Балаға тарбие, білім беру үшін ата-ана баласынан сауатты болуы керек.
0 дауыс
Әрине, қазіргі технологияның дамыған заманында ата-анаға оларды меңгеру қажет. Ата-аналар "білімді ұрпақ" тәрбиелегісі келсе қолынан келгенін жасап, тәрбиемен қоса білімді де мол беру керек.
0 дауыс
Тым ұят нәрсе ата-ананың бәлім алуы. Менің емес ата-аналардың сөзі. Қазір кей атаналар санасыздау келеді. Соларды үйрету керек сияқты меніңше.
0 дауыс
Менің ата-анам онсызда білімді, басқаларды білмедім.
0 дауыс
Орыстарда "Век живи - век учись" деген сөз бар. Адам өзінің өмірі бойы оқып-білу мен үйренумен айналысады.
0 дауыс
Бiлiм алудың қажетi жоқ және оларға ақыл айтатын адам бiз жастар емеспiз. Тек олар жастар өнеге алатындай қылық танытып жүрсе болғаны...
0 дауыс
Білімін толықтырып отыру ешкімге де, қай жаста болса да артық етпейді. Ол өмір талабы, уақыт табуға тырысу керек. Балаңның берген сұрақтарына өзің жауап бере алғаның дұрыс, беделің көтеріледі.
0 дауыс
Ата-аналар өзінің кішкентай кезінде сабақты жақсы оқыса, қайта оқытып не керегі бар?
...