0 дауыс
641 көрілді
Біздің жақта көпшілік ата-ана балаларын мешітке жіберуден қорқады.Менің өзімді жұма намаздарға зорға жібереді.Сәл намазды көп оқып қойсаң,уахаббист,сектант болып кетесің дейді.Менімен жасты құрдастарымның ата-аналары да балаларын мешіттен аулақ ұстауға тырысады.Мұндай жағдай сіздерде бар ма жоқ әлде бізде ғана ма?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шындығында діннен хабарлары аз болғандықтан қорқады.
0 дауыс
Иа олардың алаңдайтын жөні бар казіргі уақытта кімге сенеріңді білмейсің сондықтан аркім - аркімнің сөзіне ере берме діни уағыздардан абай бол сен мешітке ниет етіп барған екенсің қабыл болсын!
0 дауыс
Батыс жақтыкіз қателеспесем. Бізде басқаларды білмеймін ата анам керісінше бар , намаз оқы демесе бұлай жасамайды. Таныстармның да ата аналары да солай. Өңтүстік салт дәстүрді, дінді  жақсы таза ұстанады басым көпшілігі.
0 дауыс
Ия казир 21 гасыр динди казир кобиси елемеди оз беттеримен журеди сол себебти ата-ана баласын уайымдайды
0 дауыс
Басқа ата-аналар жайлы ештеңе айта алмайсың, өйткені олардың қалай ойлайтынын білмейсің.Менің ата - анам ондай емес.
+1 дауыс
Кезінде оларды кеңес үкіметі атейстік ағыммен оқытқан
+2 дауыс

Барлығына кінәлі дінді енді ғана ұстана келіп, шариғатта анау болмайды, мынау болмайды деп дін ілімінен хабары аз ата-анасы мен тумаластарына қарсы шығатын енді ғана иманы көтеріле бастаған жандар. Мұсылман болу әсте-әсте. Керісінше, мешітке барып намаз оқып бастағандар өзінің оңды жағынан өзгергендігін іс жүзінде ғана көрсете білу керек. Сол кезде ата-ана еш алаңсыз мешіттің тыныштық орнаған Құдайдың үйі екендігіне көздері жетеді және өздерінде де қызығушылық пайда болады.

0 дауыс
Өзің ізденсен бәрін түсінесін ал қазір Ата-ананға көмектес!!!
0 дауыс
ондай ата аналар да болады екен ау бірақ мешіттеде басқа дінге кіргендер өз дұғасын оқи береді оларға ешқандай қарсылық  болмайды
0 дауыс
Сенімен келіспеймін, сенің мына сұрағың бүкіл Оңтүстіктің атына кір келтіреді, біздің Сарыағашта ата-аналар дінге қарсы емес, керісінше менің ата-анам өздері орталық мешітке бар, жұма намазға бар деп өздері жібереді, біз өзіміз жалқаулықтан бармай қоямыз.. Сарыағаштың қай жерінде тұрасың? Сарыағаш нағыз қазақтар мекені, қазақтың дініне қарсы адамдар кеңес одағының адамдары, яғни орыс мінез адамдар..

Ұқсас сұрақтар

...