+4 дауыс
2.5k көрілді
Нағыз өмір 40 жастан кейін басталады деп адамдар айтып жатады? Бұны қалай түсінесіздер және қалай ойлайсыздар?

14 жауап

+1 дауыс
Меніңше нағыз өмір студенттік шақтан басталады.
Студенттік шақ - адамның ең қызықты кезі.
0 дауыс

Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қамал алмайсың! деген мақалды ескерсек 40 жаста кеш болады 20 мен 30 аралығында сияқты 

+3 дауыс
Нағыз өмір жасқа қарамайды. Біреуде ерте, біреуде кеш басталады.
+2 дауыс
40 жастан асқөаннан кейін деген дұрыс емес шығар. Егер бұл сөзді бағытқа алсақ орда бұзар 30 қайда қалады. "40 жасында қыр аспаған 50 жасмында ел басқара алмайды" - деген бар емес па? Менімше адам бар тірлігін, мақсатын, алдағы өмір жолын 40 жасқа дейін мызғымастай етіп қалыптастырып алып, 40 тан асқан соң сол еңбегінің жемісін жегені дұрыс сияқты. Апам марқұм "Өмір 40 баспалдақтан тұрады,әр баспалдағың бір жас, яғни 1 жыл.  Сол баспалдақтың соңы өмір базары, ол базарды аралап, жақсы-жаманды саралауға тағы 10 шақты жылың кетеді. Базарға жетсем болды, бәрін сатып аламын деп алып-ұшып баған көңіліңді сол базар сап басады. Үйдегі бағаны базардағы нарық бұзады деген сөздің мәнін сонда ұғасың. Сол базарды емін-еркін аралап, сол базардан жиған-түйгеніңмен енді төменге түсер 40 баспалдақпен төмен қарай қозғаласың. Міне Алла нәсіп қылып сол жолды 40 баспалдағыңмен (40 жас өмір) қайта қайта алсаң өте тамаша, көбі оған жете алмайды балам" - деп отырушы еді. Біздер сол базарда төмен қайтар баспалдақ алдында кезекте тұрмыз. Ал балалар сендер болсаңдар алып -ұшып сол базарға асығудасыңдар, сондықтан шамаларың келгенше бар қамдарыңды (оқу, қызмет, ұрпақ, жақсы мінез) базарға дейін қамдауға тырысыңдар, ал ол базарда нарықтың қалай қарай ауары жалғыз Аллаға ғана мәлім..
+1 дауыс
Сол 40 жасқа жететінде бар, жетпейтінде бар. Адам мынау 5 күндік өмірінің қадірін білу керек. Алтын уақытыңды қызық қуумен емес, пайдалы іс істеп, білім алумен өткізген дұрыс.
0 дауыс
Нағыз өмір 40 жас дегенді әркім әр қалай түсінер. Бірақ мен өзім 40жас деген балалары есейіп, оқу оқитын және үйленетін мезеті. Сол ата-анаға қиындық,уайым. Негізі нағыз өмір деген қиындықтан өткен,көргені көп адам деп ойлаймын.
0 дауыс
Менің нағыз өмірім 17 жасымда басталды ,мектеп бітіргенде ,студенттік шақ,жұмыс.Негізінде әркімге әр түрлі,
0 дауыс
Нағыз өмір 20-30 жас аралығы
+1 дауыс
Адам 30-40 жас аралығында жеке тұлға ретінде қалыптасады. Содан кейін ол өз отбасы мен елі үшін өмір сүре бастайды.
0 дауыс
Нағыз өмiр 40-тан басталады, егер сол уақытқа шейiн жағдайды жасап, иманымызды мығымдап алсақ қана...
0 дауыс
Қоғам алдындағы борышыңды өтеп, адал еңбек етіп, сол еңбегіннің жемісін жеп отырсаң, "ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондырсаң",немерелеріңнің шаттық өмірін көріп отырсаң, нағыз өмір сол шығар! Ал "қайран 25 ті", ұмытуға бола ма?!...
0 дауыс
Нағыз өмір отбасын құрғаннан кейін басталады.
0 дауыс
негізі дұрыс айтып кеткен, бірақ қазір экономика дамығаннан адамдар қазір 60-70 жасқа дейін өмір сүреді
0 дауыс
40 жасқа келген адам алдағы кәрілік пен арттағы жастықтың ортасында тұрған өзіне тіпті де биік талаптар қоя бастайтын болар.
...