0 дауыс
1.3k көрілді
Мұрат Мұхамедов жайлы толық ақпарат бере аласыздар ма?

Осы кісінің өмірі жайлы толық мәлімет керек еді, суреттері, отбасы, мекені, биографиясы, т.с.с.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұрат Бахтиярұлы Мұхамедов(17.6.1957, Шиелі ауданы, Балаби ауылы) – саясаттанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы. (1999), ҚазМУ (ҚазҰУ) бітірген (1986). 1986 – 1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, 1998 – 2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университеті Қызылорда бөлімінің директоры, 2001 жылдан Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің директоры. [1] Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстанның сыртқы саясатын, оның шетелдермен қарым-қатынасын зерттеуге арналған. 40-тан астам ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқулықтары мен монографиялары жарық көрген. Саяси және құқықтық білімдер тарихына арналған алғашқы қазақша оқулық авторларының бірі.
+1 дауыс
Ол кісі өте білімді, парасатты саясаткер. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Твиттерде жеке блог-парағы болуы керек.
...