+1 дауыс
2.3k көрілді
Қазақстандағы ХХІ ғасыр көшбасшысы ойынына қатысу үшін не істеу керек? Қайда хабарласуға болады?

1 жауап

+2 дауыс

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы» жоғарғы лига

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған зияткерлік сайыс. Басты мақсат – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген білімді және дарынды балаларға зияткерлік ойынында бағын сынап, өз білімін көрсетуге мүмкіндік беру. Жылдық ойынға жолдама алған білімдарлар есімімен таныс болғыңыз келсе, сенбі сайын біздің арнамыздан ««ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы» бағдарламасын тамашалаңыздар! Сонымен қатар, бағдарламаның арнайы блогы назарларыңыздан тыс қалмасын! Блогер – бағдарлама жүргізушісі Дәулет Мукаев.

Өз аймағындағы іріктеу кезеңіне қатыса алмай қалдың ба? Олай болса, Skype арқылы тесттен өтуіңе мүмкіндік бар. Жексенбі күні сағат 11.00-13.00 аралығында тестке қатыс. Skype логині: Koshbashy

Жылдық ойын жеңімпазын қомақты ақша сыйлығы күтіп тұр!

Продюсер: Жанар Адамбаева, Режиссер: Қанатбек Усубалиев, Сценарий авторы: Мөлдір Әзімханқызы, Бағдарлама жүргізушісі: Мейрамбек Таубалдиев, Алма Әлішева, Хронометраж: 45-50 минут, Жиілігі: апта сайын, Жанр: зияткерлік ойын, Байланыс телефондары: +7 7272 700 138, +7 701 750 50 60 Жанар, +7 701 000 02 15 Дәулет, Тілі: қазақ, e-mail: [email protected]

Бағдарлама сайтының сілтемесі

...