+1 дауыс
565 көрілді
Әскери борышынды қай әскер қатарында өткергін келетінің өзін таңдайсын ба?

Мысалға мен  Аэроұтқыр қатарында болғым келеді.

Еркімізде ме?

Әлде өздері алып кете береме?

4 жауап

–1 дауыс
Өзің таңдайсың олар саған сұрақ қояды.
+1 дауыс
Сен жергілікті жердегі медкомиссиядан өткен соң, облыстық медкомиссияға барасың. Сол жерде жалаңаш тексереді дәрігерлер. Одан психолог неше түрлі сұрақтар қояды,психотест тапсырасың, сосын "сборный пункт"-та басқа қалалардың әскери бөлімдерінің басшылары өздері сені сынайды. Аэроұтқыр қатарына бару үшін военкоматқа ертерек бар, өйткені оларға алдын ала алынып қойылады, ал қалған жігіттерді Ұлттық Гвардияға жібереді көбісін.
0 дауыс

Егер аэроұтқыр әскерлердің денсаулығына қойылатын талаптарға сай келсең бара аласың.

Аэроұтқыр әскерлері үшін 165 см-дан 170 см-ға дейін бойы бойынша талаптар арттырылған.  Сондай-ақ, егер бұрын медициналық көрсеткіштер елеусіз шектеулермен мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруға мүмкіндік берсе, қазір «дені сау болуға тиіс» деген тек бір талап қойылады. (сілтеме)
 Сұрақ қояды, қайда барғың келетіні жайлы. Олар соның талаптарына сәйкес келсең ғана жібереді. Ал егерде көзің нашар көретін, немесе басың айналатын, денсаулығың сыр беретін болса басқа түріне кете барасың.

0 дауыс
Өзің таңдай алмайсың, әскери комиссариаттағылар өздері тапсырысқа сәйкес бөліп жібереді.
...