1. Кауменова Аида
Коллекциялары:
http://www.aida-kaumenova.com/ru/photos/
2. Ая Бапани
Бүгінгі күні Aya Bapani брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: "Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциямдағы әрбір туындым оның иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді.
Коллекциялары:
3. Салтанат Баймұхамедова
Отандық сән индустриясының жарқын өкілі Салтанат Баймұхамедова сән әлеміне сонау 2000 жылдары келген болатын. Басында «F… you» киім желісімен жастарға арналған киімдер тігіп жүрген Салтанаттың 2008 жылдың наурыз айында Trend & Tendance агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімі өтеді. Содан бастап ол Salta™ деген брендпен шыға бастайды. Бүгінгі күні Salta сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады.
4. Камила Курбани
Сән өнеркәсібінде жүргеніне 10 жылға жуық уақыт өтседағы, есімі енді танылып келе жатқан Камила Курбанидің қазақстандық сән сахнасына келгеніне небәрі 2 жылдай болды. Осы уақыттың ішінде ол сән әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсына білді. Екпінді гламурға емес, керісінше unisex пен casual стиліндегі еркіндікке түсіретін Камиланың тұтынушылары еркін ойлайтын, өзгеден аса ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилімен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.
Коллекциялары:
5. Сәкен Жақсыбаев
2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан ZhSaken брендінің негізін қалаушы Сәкен Жақсыбайды бүгінгі күні танымайтын қазақстандық сәнқой жоқ шығар. Шетелге жиі шығып тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Сәкеннің жақында тұсауы кесілген топтамасы сәйкесінше «Мадрид» деп аталды. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын қолданады. Оның барлық киімдері сапалы, әрі бағасы қолжетімді.